Шардара ауданы: Иманды ұрпақ ұлт болашағы

ҚМДБ — ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен балалардың жазғы демалысын зая кетірмеу үшін «Иманды ұрпақ ұлт болашағы», — атты осындай игі іс — шара ұйымдастырылды.  Маусым айынан  бастап Шардара аудан көлеміндегі мешіттерде имандылық сауат ашу курсы жұмыс атқаруда. Соның ішінде «Шардара» орталық мешітінде имандылық сауат ашу курсында бүгінгі таңда 40 ұл бала, 15 қыз бала тәлім тәрбие алуда. Аталмыш курстың басты ұраны пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) «Сендердің ішіндегі ең жақсыларың құранды үйреніп оны өзгеге үйреткендерің», - деген хадисі болды.

Маусымның 18 — ші жұлдызы күні аудан имамы А. Данияровтың ұйымдастыруымен тәлім алушы бүлдіршіндер аудандық емханадан бөлінген фельдшер Б. Кенжалиев соңы көк теңізге барып тірелетін «Тұңғыш Президент» саябағына  жолаушыларды тасмалдау мекемесінің директоры М. Құралбаевтың демеушілігімен бөлінген автобуспен саяхатқа жолға шықты. Аталмыш саябақта балалар  демалып, атракционның төрайымы Ақатаева Әлия  қарсы алып, әр — түрлі ойын алаңшасында балалардың ойнап мәз — мейрам болып көңіл көтеруіне өзінің үлесін қосты.  Шардараның бар тарихын бойына жинаған аудандық тарихи — өлкетану мұра­жайының экскурсоводы  С. Анашбеков Шардара ауданының тарихы мен көне құндылықтарымен таныстырды. Тәрбиенің басты ұстанымдары — жалпы адамзаттық құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастыру, өз дінін, халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт — дәстүрін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне де құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыру болуы тиіс.

Тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұяда алады. Бала жанұя аясында түлеп өседі, оң — солын таниды. Ол алғашқы адамгершілік қасиеттерді де, еңбек әліппесінің алғашқы беттерін де өз үйінде ашады. Дана халқымызда «Тәрбие отбасынан басталады», — деп тегін айтылмаған. Баланың тәлім — тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз баланы жастан, — деп мәтелдеген. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» - демей ме? Жас ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы, ел ертеңі. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болады», — деп А. Байтұрсынов айтқандай мемлекетіміз де ұрпақ тәрбиесіне барынша назар аударып келеді. Себебі бала — еліміздің ертеңі, тірегі мен тілегі. Еліміздің — ажары мен базары. Мал — мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші — иманы, екінші — ырысының тұрағы, үшінші — дәулетінің тұрағы», — деп аталы сөз қалдырған. Саяхат барысында «Әлихан» сауда  орталығының төрағасы Қайрат Кәрібаевтың демеушілігімен балаларға балмұздақпен түрлі шырын сусындар үлестірілді.

Аталмыш  іс — шараға  үлес қосқан азаматтарға Алла тағаланың  нұры жаусын.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники