Қош келдің, Рамазан! салтанатты шарасы өтті

      ramadan-1429  Қасиетті жұма күні Шымкент қаласындағы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ сазды драма театрында «Қош келдің, Рамазан!»  салтанатты іс-шарасы өткізілді.

        Іс-шараны ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі ұйымдастырды. Салтанатты  іс-шараға облыс басшылары, облыстық маслихаттың депутаттары, зиялы қауым, ардагерлер, діни конфессияның басшылары мен   өкілдері және ұлттық-мәдени орталықтарының төрағалары т.б. азаматтар қатысты.

        Салтанатты іс-шараны облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Б.Мырзагелдиев және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұловтар  ашып, құттықтау сөз сөйледі.

         Рухани кешті Шымкент қаласындағы «Байғұт баба» мешітінің имамы  Самат Анарбаев жүрігізіп отырды.

          Аталмыш іс-шарада облыстық мәдениет басқармасына қарасты өнерпаздар қатысып, өнер көрсетті. Олар әнші Жақып Спатаев «Пайғамбар хадисі» әні, әнші Даурен Болысбеков «Отанды сүю иманнан» әні және Бақтияр Айдаров «Ал, бір мақал айтайын» термелері орындалып, тыңдарманын тәнті етті.

           Сонымен қатар, Түркістан сазды драма театрының  «Тәубеге келу» қойылымы сахналанып,  терме, концерттік бағдарламаға жалғасты.

          Жиналған халыққа облыс имамы Б.Мырзагелдиев Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті  Рамазан айымен құттықтауын жеткізіп, Рамазан айындағы барлық азық-түлік пен өзгеде тұтыну заттарына жеңілдік жасауға байланысты үндеуін түсіндіріп, хабардар етті.

        Биылғы жылы іс-шара өткен жылдан өзгерек болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдау мақсатында Шымкент қаласындағы діни конфессияның басшылары мен өкілдері және ұлттық-мәдени орталықтарының төрағалары қатысып, өздерінің жүрек жарды құттықтауларын жеткізді.

         Жалпы, салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

Мұхамеджан Естеміров,

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкіл имам орынбасары

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники