Сарыағаш ауданы: Қош келдің Рамазан!

Сарыағаш қаласының Мәдениет сарайында Сарыағаш ауданының әкімі Бұқарбай Парманов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Зәуре Хамзаева, Сарыағаш ауданының бас имамы Қанатбек Кенжебековтардың ұйытқы болуымен «Қош келдің Рамазан» атты рухани кеш өтті.
Сарыағаш ауданының әкімі Бұқарбай Парманов пен Мұстафа Сүлейменов жиылған көпшілікті келе жатқан Рамазан айымен құттықтап өздерінің ыстық лебізін білдіріп кешті ашып берді. Кеште Асыл мұра өнер орталығы діни бейне роликтер, иләһи өлеңдері, термелері мен кештің көркін ашты. Көрермендерге ораза тақырыбында сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге жүлде ретінде Қайрат Жолдыбайұлының «Дін мен діл 2» атты кітабы берілді.
Сөз соңын Сарыағаш қаласының төбе биі Рахымберді Оспанов пен Сарыағаш ауданының бас имамы Қанатбек Кенжебеков жиылған жамағатты айлардың сұлтаны Рамазан айымен құттықтап өздерінің ізгі ниеттерін білдірді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники