Аудандық орталық «Түлкібас ата»мешітіне келуші жамағат бұған дейін мешіт жанындағы жолдың шетіне көліктерін қоюшы еді.Бұл көшеден өтетін басқа көліктер үшін қолайсыздық тудыратын.Рамазан айының қарсаңында Иран жол-құрылыс компаниясының басшысы Наимиханың қабылдауында болған бас имам Бауыржан Оңалбаев бұл мәселенің де шешуін тапты . Компания басшысы Наимиха мешітке автокөліктер тұру үшін тұрақ орнын жөндеп берді.Аз уақытта мешіт жанынан өтетін жолды асфальттап беретінін айтып уәде берді.
«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі:
Суретті түсірген: Бауыржан Әзиз.
Пікірлер