Түлкібас ауданы: «Қош келдің Рамазан айы»

Түлкібас аудандық орталық Х.Дулати атындағы мәдениет үйінде 25-ші маусым күні сағат 15.00 –де «Қош келдің Рамазан» атты концерттік бағдарлама өтті. Бұл кешке келуші қонақтарға аудан әкімінің орынбасары Өтепбай Маткеримов құттықтау сөзін айтып,өз ризашылығын білдірді . Облыстық өкіл имамның орынбасары Еркебұлан Қарақұлов Рамазан айының қасиетін жиналған көпшілікке айтып жеткізді. Бұл іс — шара көпшіліктің көңілінен шығып, рухани сезімдерін көтеріп тастады. Арнайы әкелінген Мүбарак Рамазан кітаптары тегін таратылды. Сұрақ-жауап бағдарламасында діни сұрақтарға жауап бергендер аудан имамы Бауыржан Оңалбаевтың қолынан діни кітаптарды сыйға алып отырды.

«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі:
Суретті түсірген: Бауыржан Әзиз.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники