Түлкібас ауданы: Жаңа міндеттемелер жүктелді

Аудандық орталық «Түлкібас ата» мешітінде Рамазан айының қарсаңында имам-молдалардың семинар-жиналысы болды. Ауданның бас имамы Бауыржан Оңалбаев Рамазан айының қарсаңында келіп түскен Қмдб мен ОҚО өкілдігінің тапсырмаларын таныстырып өтті. Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының Ораза айына қатысты үндеуі мен құттықтауын оқып берді. Алдағы уақытта бұл тапсырмалардың барлығы түгелдей дерлік орындалуы керек екенін айтып түсіндірді .Мешіттің іші мен сыртын ораза айында таза ұстауды,жамағаттың тарауих намазын мешітте оқу керек екенін айтты. Арнайы облыстан келген бас есепшінің көмекшісі Әбдуәлі Асанов ауыл имам — молдаларына мешіттің барлық іс — қағазын қалай жүргізуі керек екенін үйретіп дәріс өткізді.

«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі:
Суретті түсірген: Бауыржан Әзиз.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники