Шардара ауданы: Азаматты ардақтап, жарыс ұйымдастырды

Ораз Бердешов — аудан экономикасының дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтардың бірі еді. Тосыннан келген ажал ардақты азаматты ортамыздан тым ерте алып кетті. Әйтсе де «Орнында бар оңалар», —  дегендей, артында қалған ұл — қыздары жетілді. Ата — аналарының рухтарына бағыштап ас беріп, құран бағыштауды дәстүрге айналдырып келеді. Бұндай сауапты іске ауданымыздың басшылары мен арлы азаматтары да ұйытқы болып жүргендігін атап өтуге тиіспіз. Өткен аптаның сенбісінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында футболдан облыстық турнир болып өтті. Аталған жарысқа Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының жас футболшылары қатысты. Айналмалы жүйе бойынша өткізілген жарыстың қызығы кешке дейін созылды. Жарыс қорытындысы бойынша ауданымыздың екінші құрамысы III орынға ие болды.  Бірінші құрамымыз II орынға табан тіреді. Сарыағаш ауданының Абай кентінен келген жас аяқдопшылар турнир чемпиондары атанды. Жүлдегерлерге аудан әкімі  Қ. Айтөреев, аудан имамы А. Данияровтар арнайы сый — сияпаттар табыс етті.

Шардара ауданы «Өскен — өңір» газетінің редактор орынбасары С. Лаханов

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники