Кентау қаласы: Қош келдің, Рамазан!

Аптаның сейсенбі күні қалалық оқушылар үйінде «Қош келдің, Рамазан» атты іс-шара болып өтті. Онда қала әкімінің орынбасары Ерғали Бектаев, қалалық мәслихат хатшысы Керімжан Сырлыбаев, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев, орталық мешіт имамының орынбасары Мұхаммеджан Момынов, Ар-Рахим мешітінің имамы Бақытжан Иманқұлов көпшілікті ораза мерекесімен құттықтап, ауыз бекіту ісінің маңызын айшықтап түсіндіріп берді. Жиын барысында Рамазан айының ерекшелігі туралы бейнефильм көрсетілді.
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының өнерлі жастары ғибраты мол көрніс көрсетіп, көпшіліктің көзіне жас алдырды. Сондай-ақ, ислам діні жайында әсем әндер орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники