Қазығұрт ауданы: Бас мүфтидің үндеуіне үн қосу

Рамазан айында исі мұсылмандар барынша игілікті іс атқаруға кіріседі. Әр мұсылман қолынан келгенше жақсы істерге себепші болғысы келеді. Рамазан айы қарсаңында аудан орталығында орналасқан «Қазығұрт такси» мекемесі халыққа күн түн демей қызмет атқарып келеді. Биылғы жылы бұл мекеме «Ораза кестесінен» 2000 дана шығаруға демеушілік жасады. Сондай ораза кезінде ҚМДБ ының төрағасы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретіміздің Рамазан айындағы үндеуге үн қосып, такси қызметтерін 20-30 пайыз жеңілдікпен халықты тасымалдауға кірісіп кетті. Сондай ақ такси көліктерінде ауыз ашар уақыты келген уақытта ауыз ашуға су және құрма қойып қойған. Қасиетті айымызда игілікті іске басшылық етіп отырған «Қазығұрт такси» ұжымына Алланың разылығын тілейміз.

 Сонымен қатар Жаңабазар ауылы «Расул»  мешіт имамы Есенбеков Дәулетқали, Қызылқия ауылы «Бекет ата» мешіт имамы Чакибоев Адайбектердің ұйымдастыруымен демеуші тарту арқылы мың данадан «Ораза кестесін» дайындап халыққа тегін таратты.

Аудандық орталық мешіті

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники