Қазығұрт ауданы: Өкіл имам аудандық ауызашарда

Қасиетті Рамазан айнйың 14 жұлдызында аудан әкімі Б.Д Қыстауовтың басшылығымен, жекелеген кәсіпкерлердің демеушілігімен «Ақ бидай» дәмханасында ауыз ашар өтті.

Аудандық ауыз ашарға арнайы кезген ҚМДБ ының ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев келіп, ауыз ашар салауатын да, намазшам намазында жүргізді. Және өкіл имам құттықтау сөз сөйлеп, ҚМДБ төрағасы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің биылғы жылы «Дін және дәстүр» жылы деп жариалауына байланысты облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстармен таныстырып, дәстур сабақтастығы жайлы насихатын айтып,алдағы міндеттерді жеткізді. Сондай ақ дастархан мәзіріне қатынасып отырған өкілдер арқылы барша Қазығұрттықтарды қасиетті  Құран кәрімнің аяттары түсе бастаған исі мұсылманның қасиетті айымен құттықтап Бас мүфтидің сәлемін жеткізді.

    Сөз алған аудан әкімі Б.Д Қыстауов адам тәрбиесіндегі ислам дінінің маңызы айта келіп, қазақи дәстүрдің дін талаптарымен астасып жататынына тоқталды, аудан халқына бақ береке, мықты денсаулық тіледі,

Аудандық мәслихат хатшысы М Момыновта ауыз ашарға қатысушыларға ыстық лебізін жеткізді.

Ел ішінде «құдайға қараған Молдекең» атанып кеткен Молдабай Илясов жастар тәрбиесіне ерекше мән беру керкктігін, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Әбдіжүсіп Мақсұтов ата буынның алдағы мақсат міндеттерін айтып өтті. Аудандық мәслихат депутаты Н Қадыровтың « Ай сұлтаны Рамазан» әнінің тұсауы кесілді.

Ауданымыздың бас имамы Еркін қажы Полатов « Ислам діні және салт дәстүр» тақырыбында ой өрбітті.

Майбұлақ пен Қызыл ата ауылдарынан келген Сейділла Жақсыбеков, Сапар Тұрлыбеков ақсақалдар бұл ауызашардан үлкен әсер алғандықтарын айтты.

Қос батагөйлеріміз Тіллабай Мақұлбаев пен Бөрібай Досанбаевтар дастарханға ақ баталарын берді.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайының әртістері концерт көрсетті. Көптен көріспеген 62 ауылдың ақсақалдары бір бірін құттықтап, жақсы ниеттерін білдіріп жатты.

Қазығұрт аудандық орталық мешіті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники