Ордабасы ауданы: Қайырымдылық іс-шаралар

Кеше ғана сарыға күткен Рамазан айы да көзді ашып жұмғанша өте шықты. Сауабы мен сауқаты мол осынау мейірім  төгілген айда күллі мұсылмандар мейілінше бос өткізбеуге тырысқаны анық. Осындай шаралардың бір қатары Ордабасы ауданында да өткен болатын. Рамазан бойы мешіт алдында ауызашар ұйымдастырылып, уағыз-насихат пен сұрақ жауаптар, бейнероликтер көрсетілді. Аудандағы орталық екі мешітте Құран курстары ұйымдастырылып, жақсы нәтиже көрсеткен шәкірттерге бағалы сыйлықтар табысталып, үздік шыққан 5 шәкіртке велосипед мінгізілді.

Сонымен қатар қасиетті болған Ораза айт мейрамында орталық мешіттердің алдында келген жамағатқа мейрамның қадірін сезіндіру үшін 1500  аса балмұздақ таратылып, ауыл көшелерін аралап шоколадтар үлестірді. Бұл бастамаламарға аудан жастары мұрындық болып, алдағы таңда да өз жалғасын табатынын айтты.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники