Әбдібек Аралбайұлы: «Ауызашардағы ақ тілек»

Ассалаумағалайкум, уа мұсылман жамағат!IMG_8725

Оразаның негізі – ләпсі үшін қанағат.

Ырзалығы Алланың болсын әкім балама,

Қызметте әбүйір, жанұяң боп саламат!

 

Тәуелсіздік қазаққа – ол құдайдың бергені,

Арқасында салт – дәстүр дініміздің келгені!

Еркі тиіп өзіне жалтақтамай жат елге,

Бодан қазақ азат боп қолын еркін сермеді.

 

Тәуелсіздік арқасы – дінге ел бет бұрғаны,

Тойханалар есепсіз сән – салтанат құрғаны!

Күнде думан, күнде той қилы жарыс тамаша,

«Қой үстінде бозторғай жұмыртқалап» тұрғаны!

 

Тәуелсіздік арқасы – әр ауылда мешіттер,

Қартайғанда қамқорлық зейнатақы – несіптер.

Ел тұрмысы түзеліп, қымбат – қымбат көліктер,

Тас қамалды зәулім үй, оқ отпейтін есіктер.

 

Тәуелсіздік арқасы – елдің көбі тойынған,

Қалталылар қаладан ләззат іздер ойыннан…

Қалың болса қалтасы, мәлім болсын – болмасын,

Әкесінің аттары әр көшеге қойылған…

 

Тәуелсіздік арқасы – мешітке ел толуда,

Ізгі ниет жігіттер жәрдем қолын созуда.

«Көп батасы көл» — деген бата алып қарттардан –

Елге жайып атағын тіршілігі озуда.

 

Сауап істер жасауда елге әкім – марқасы,

Сауап іске ешқашан ортаймайды қалтасы.

Иманының барлығы – ауызашар беруі,

Тәубе – тәубе барлығы, Тәуелсіздік арқасы!

 

Тәуелсіздік бақытын жүрміз бе біз сезініп?

Коммунистер арақтан кете алмай жүр безініп.

Немересі мешітте жұма намаз оқып жүр,

Аталары досымен дәмханада кезігіп…

 

Бәлкім, ықпал етер деп жыр жазамын күйіне,

Мешіт емес дәмхана барар жері киіне.

Шәйнегінде шай емес, «шайтансудың» дәл өзі,

Тәлтіректеп қайтады кешке қарай үйіне.

 

Өлеміз – ау деп ойлап қашан жаны шошынар?

Тәубеге кеп мешітте қашан басы қосылар?

«Көпті көрген атам да жүр – деп, намаз оқымай»,

Өнеге боп жастарға бәле боп тұр осылар.

 

Білім, ақыл бәрі бар, не айтамын сіздерге?

Тірі кезде түсіндер баба салған іздерге.

«Салтанатын қарттықтың ұстамаған шалдан без» —

Деген дана бабалар насихаттап біздерге.

 

Әкіміміз жаңылмай жасай берсін ізгілік,

Мұндай сауап іс – шара кетпесе екен үзіліп.

Енді жұма намазға әкім аппаратымен –

Ақ тақия киіп ап келсе екен тізіліп…

 

Ақын: Әбдібек Аралбайұлы

Түлкібас ата мешітінің намазханы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники