Қасиетті Рамазан айында Бас муфтидің үндеуіне байланысты Орталық мешіттің ұйытқы болуыменен ӨК Тораптық Аурухананың директоры Нақыпбаев Махмут Нұрмаханұлының қолдауыменен Қасиетті Рамазан айының құрметіне Арыс қаласында алғашқы рет шілде айының 24-25 күндері сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін Арыс ауданы бойынша төмендегі қызметтер тегін медициналық көмек көрсетті.
- Невропатолог
- Терапевт
- Хирург
- Педиатр
- Стоматолог
- Лор
- Акушер-гинеколог
- Рентген
- Физ-кабинет
Дерттеріне шипа іздеген барша адамдар Рамазан айындағы бұндай қайырлы іске алғыстарын білдіріп жатты.
Арыс қаласы орталық мешіт баспасөз қызметі