Келес өңірі: Рамазан айт күні  өткізілген іс-шара.

 

2014 жылғы 28 шілде күні Сарыағаш ауданы Келес өңірі «Ешан баба» мешітінде де қасиетті «Рамазан айт» намазы оқылып айт мерекесі аталып өтілді. Таңғы намазды оқып болысымен Мысырдағы әлем мұсылмандарына әйгілі «Әл-Әзхар» университетінде тәлім алушы Жумабеков Ақтөренің Құран оқуымен басталды. Соңынан мешіт имамы Аристанов Умирзақ келген жамағатқа исламның тіректері және мұсылмандардың арасындағы бір – біріне және жан-жануарға деген мейір-шапағат, рақымділ болу жайлы уағыз жасады. Уағыз-насихаттың соңында айтты мереке емес азаға айналдырып жібермеу мақсатында әкімшілік тарапынан қолдап өткізіп жатқан «Жеңіс» саябағындағы жазылып отырған дастарханнан айтық жеп кетуге шақырып, соның басы қасында жүрген ауыл әкімі Сексенбаев Алмасқа сөз берді. Ауыл әкімі ауыл тұрғындарын, жамағатты айт мерекемен құттықтай келе ұйымдастырылып жатқан іс-шараға шақырды. Айт намазы оқып болған соң мешіт имамы бір топ ақсақалдармен сол іс-шараға барып қатысып қайтты. Іс-шараға Сарыағаш аудан адагерлер кеңесінің бастығы Сулейменов Мустафа ағамыз қатысып өзінің ізгі тілектерін білдірді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники