Арыс ауданы: 3-ші рет айт мерекесі тойланды

Мұсылман жұртшылығы ораза ұстап,   қасиетті Рамазан айы да аяқталып, артынша Айт мерекесі келгенде дүние мен ақыреттің ғажап құндылықтарын сезініп, ерекше рахатқа кенеледі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккеден Мәдинаға көшіп келгенде, жергілікті халықтың мейрамдап көңіл көтеріп жатқанын көріп: «Бұл қандай мереке?», – деп сұрағанда, олардан: «Бұл біздің Исламға дейін тойлап келе жатқан мерекелеріміз,» – деген жауап естіді. Сонда Расулалла (с.ғ.с..): «Алла сіздерге бұдан да ұлық екі мейрам берді. Олар Рамазан және Құрбан айттары», – деп осы ислами мейрамдардың мәртебелі екендігін білдірген.  Міне сол ұлық мерекенің бірі ораза айт мерекесіне орай, бйылда өз жалғасын тапты.  ОҚО Арыс қаласында, орталық мешіттің ұйымдастыруымен, қалаі әкімшілігінің  қолдауымен, мәдени мерекелік іс – шара Әл-Фараби алаңында кең көлемде аталып өтті. Ораза айт мерекеге  жиналған көпшіліктің көңілі көтеріңкі, өйткені бұл мұсылмандардың ұлық мерекесі. Мерекеге орай,  бүлдіршіндер ойын батуттарында ойнап қуанышқа, таусылмас  шаттыққа бөленді

Сондай-ақ мерекелік кеште жасөспірімдер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Нақтырақ айтсақ, күрес, арқан тартыс, кір тасын көтеру ,асық ойындары. Мерекелік шараға  қала әкімінің орынбасары және ауданның бас имамы, қала мешіттерінің имамдары,  ел ағалары, ақ жаулықты аналарымызбен бүлдіршіндер келді.

Мерекелік шараны қала әкімінің орынбасары Ақтаев Ербол  бен ауданымыздың бас имамы Абдулкамал Абдулкарим ашып көпшілік қауымды ораза айт мерекесімен құттықтады.

Мерекелік жиында сонымен қатар, орталық мешіт тарапынан 400  дана балмұздақ жасөспірімдерге теген Айттық  таратылды.  ораза айт мерекесін      ұйымдастырған ауданның бас имамы Абдулкамал Абдулкаримге көрермендер өз алғыстарын білдіріп,    өз тілектерін білдіріп жатты.

Кеш соңына қарай спортттық ойын, жарыстардың жеңімпаздарына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мұндай рухани кештер мен жиындарды ұйымдастыру – мерекені атап өтудің және оны халық бойына сіңірудің  негізгі мақсаты мен асыл мұраты екенін ұмытпағанымыз жөн. Осылайша «Айт құтты болсын!» деп, ақ түйенің қарыны жарылар, ұлан асыр той жасалды. Ендеше, Алла тағала халқымызды осындай қуаныштан айырмай, дәйім айттан айтқа аман есен жеткізіп, ұлтымыздың мерейі тасып, бірлігі мен тірлігі арта берсін деп тілейміз!

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники