Шардара ауданы: Ел алғысына бөленген азамат

Тамыздың 3 — ші жұлдызы күні Шәууәл айының құрметіне   «Шардара» орталық мешітіндеаудандық аурухананың бас дәрігері, жоғарғы дәрежелі оташы Ерназаров Әзірет Ергешұлының қатысуымен 115 баланы ақысыз сүндеттеу «Қайырымдылық акциясы» өтті. «Шардара» орталық мешітінің бас имамы  А. Данияров жиналған көпшілікке қайырымды іске  үлес қосудың сауабы жөнінде уағыз — насихат айтып, бүгінгі аталмыш  іс — шараға  Алла Тағала разылығы үшін алтын уақытын бөліп 9 жыл қатарынан аянбай қызмет етіп жүрген Ерназаров Әзірет Ергешұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан алғыс айтып,  ел игілігіне атқарып жатқан қызметіне дұға жасады. Қазақ халқы, жалпы мұсылман қауымы баласы бес жасқа толысымен сүндетке отырғызады. Бұл халқымыздың салты ғана емес,  медицина жағынан да денсаулыққа пайдасы зор шаруа. Ислам дінінде сүндеттелу өте үлкен мәнге ие. Өйткені ол үмбетіретінде Мұхаммед (с.а.с) пайғамбарымыздың  ісін қайталауға, яғни сүннет амалын жасауға жатады. Дәлел  Әбу Хурайра (р.а) жеткізген Пайғамбарымыздың (с.а.с)  хадисі. Хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: «Сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ қысқарту», — аталған.Дәл сол секілді сүндеттеу де адам табиғатына сай амал болып есептеледі. Сүндет — аты айтып тұрғандай сүннет. Яғни, Пайғамбарымыздың (с.а.с) жасаған және жасауға бұйырған ізгі амалдарының бірі.

 шар002

Шардара ауданы «Шардара» орталық

мешіттің бас имамы                                                                                 А. Данияров

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники