Қаттани мешіті: ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ӨТКЕН САБАҚТАР

А. Қаттани мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахмановтың ұйымдастыруымен Шымкент қаласына келген дінтанушы Ризабек Батталұлы,ИЧ-167/9  және ИЧ-167/3 түзеу мекемелерінде ақида тақырыбында кеңінен баяндалған сабақ өткізді. Сабақ барысында тыңдаушылар түрлі тақырыпта сұрақтар қойып тұщымды жауап алып отырды. Бірнеше сағатқа созылған кездесуге жиналғандар шынайы ризашылықтарын білдіріп жатты.

Ақида саласы бойынша жазылған кітапты жаңадан қолға алып жатырмыз. Ризабек Батталұлының «Ақида сабақтары» атты кітабын оқып риза болдық. Бұның ең бір ерекшелігі – қазақтың әдеби тілімен, ұғынықты, нақты түсінікті етіп жазылғандығында. Осы кітап арқылы білмегенімізді үйрене бастадық. Енді автордың өзімен кездесіп, қуанып қалдық, — дейді жазасын өтеуші М.

Кездесу соңында Ризабек Батталұлы қазіргі қоғамда көптеген теріс ағымдардың белең алып кеткендігін, сондықтан, әрбір естіген тақырыбының түбіріне үңілмей жатып, асығыс шешім шығарудан аулақ болу керектігін түсіндіріп өтті.

Шымкент қаласы А. Қаттани мешітінің баспасөз қызметінен.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники