Арыс қаласы орталық мешітің ұйымдастырумен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Арнайы шараға көп балалы жанұялар мен мүжәлсіз отбасылардың балалары ата-аналарымен бірге келді. Аудан имам А.Абдулкамал балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алу — мұсылманның ең үлкен міндеті екенін айта келі,аудан имамы 30 баланы өзі арнайы базарға алып барып балалардың қалаған жаңа сөмкелерін, дәптерлерін, қаламсаптарын,аяқ киімдерін тағы басқа оқуға қажетті деген құрал-жабдықтарын алып берді.
Шара соңында ата-аналар аудан имамына алғыстарын айтып жатты.
Арыс қаласы орталық мешіт баспасөз қызметі