Келес өңірі: «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы

Тамыз айының 23 күні Сарыағаш ауданы Абай ауылы «Ешан баба» мешітінде Абай ауылындағы О.Есімов және Ә.Молдағулова мектептерінде оқитын отбасылық жағдайы төмен балаларға республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Мектепке жол» атты қайрымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш шарада 21 оқушыға оқу құралдары мен мектеп жабдықтары және киім-кешектер сыйға тартылды. Өткізілген игі іске «Ешан баба» мешітінің имамы Аристанов Өмірзақ, мешіт алқа мүшесі және Абай ауыл ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Тұрсынбай Жалғас, мешіт алқа мүшелері Аширбаев Батыр, Хашимов Зайыр мектеп оқытушылары және ата аналар қатысты. Мешіт имамы игі іске жиналған жамағатқа исламдағы қайрымдылықтың қасиеті және өз орнына берілу керектігі жайлы айта келе мұндай іс-шаралар келешекте жалғасын табатындығын жеткізді. Ардагерлер кеңесі төрағасы орынбасары Тұрсынбай Жалғас мұндай акция республикалық  деңгейде сондай-ақ ҚМДБ-ның жер-жерлердегі филиалдары мешіттерде де өткізіліп жатқандығын.  Соның біріне өздеріңіз күәсі болып отырсыздар бұл да болса оқушыларға көмек қолын созу әрі қуаныш сыйлу екндігін айтып өтті. Жиын барысында оқушылар және ата-аналар қайрымдылық акциясын ұйымдастырушыларға қуаныштарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді. Игі іс Хашимов Зайыр қажының батасымен қортындыланды.

«Ешан баба» мешіті баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники