Шардара ауданы: «Мектепке жол»қайырымдылық акция

Тамыз айының 25 — ші жұлдызы күні шырайлы Шардара қаласы «Шардара» орталық мешітінде ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ұстанған төрт бағыты бойынша қайырымдылық шаралары өз жалғасын табуда. .Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп  балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балаларға мектепке барар дайындық кезінде демеу жасау, киім- кешектің, аяқ-киімнің, кеңсе тауарларының және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын алу акцияның мақсаты болып табылады.  Аудан имамы А. Данияроваудандық білім бөлімі және қала әкімінің бас маманы Г. Құрманбекпен алдын хабарласыпмектепке дайындалуға, әсіресе, ата-анасыз қалған, көп балалы жанұялар балаларына, ешқандай дайындықсыз мектепке баратын 40 баланың тізімін алып дайындық жасады Әр балаға  арналған мектеп формасы, сөмкелер, оқу құралдары, киім — кешек, аяқ киімдер 16250 (он алты мың екі жүз елу теңгені құрады. Мұның барлығы аз қамтылған отбасы балалары үшін үлкен көмек, елеулі демеушілік екендігі белгілі.  Балалардың қуаныштарын бал-бұл жанған жүздерінен анық аңғаруға болады.Осының нәтижесінде балалар жаңа оқу жылына даярлықпен барады. Бұл жолғы шара да осыны мақсат тұтты.Шырайлы шуағын шашқан Шардара қаласы «Шардара» орталық мешітінде  ұйымдастырылған «Мектепке жол»қайырымдылық акциясына демеушілік танытқан Алматы қаласындағы үлкен «Құлагер» сауда орталығының директорының орынбасары Шардаралық тума Пердебеков Асхан ағамызға Алла Тағала разы болсын.

«Шардара» орталық мешітінде ұйымдастырылған қайырымдылық іс — шараға ата — аналар аудан имамына көңілден шыққан шынайыризашылықтарын білдірді.

 шард001

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники