Шымкентте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда

Шұрайлы Шымкент қаласында орналасқан «Облыстық орталық» мешіттің ұйымдастыруымен «Мекетпке жол» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Оны облыс имам орынбасары М.Естеміров пен облыстық жастар ісі бөліміне жауапты Т.Дәрібаевтар жергілікті кәсіпкер азаматтарды тартып, мұрындық болды.

Шара барысында мектеп жасындағы көмекке зәру 51 балаға  қайырымдылық іс жасалды.    Балаларға мектеп формасы мен  қатар, барлық қажетті заттар алынды.

Қайырымдылық көмектің әр балаға шаққандағы құны 15000 (он бес) мың теңге көлемінде болды.

Шара аясында облыс имам орынбасары М.Естеміров уағыз айтып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ұстанған төрт бағыты бойынша қайырымдылық шаралары өз жалғасын таба беретіндігін айтып өтті.

Бұл қайрымдылық шара 31-тамызға дейін жалғасады.

 орт меш001

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники