Төлеби ауданы: Сүндеттеу рәсімі өтті

Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша Төлеби аудандық «Нұр» мешітінде балаларды сүндеттеу рәсімі өтті. Сүндеттеу рәсімі медицина саласының ең озық үлгісі бойынша жасалды. Бұл әдіс лазер құралы арқылы жүргізілетіндіктен балаларға да ауыр тимейді. Енді бір жағынан тез арада жазылуына да мүмкіндік береді. Биылғы жылы осы әдіспен 12 бала сүндеттелді. Сүндеттелген балаларға ақсақалдар бата беріп, жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Ұйымдастырылған бұл елеулі рәсім балалар мен ата-аналардың көңіліне ерекше қуаныш сыйлады. Жиналған жұртшылық бұл рәсімнің бұдан да үлкен деңгейде өтуін Алладан тілеп, баянды болсын деп тарқасты.

 

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники