Қыркүйек айының 08 — ші жұлдызы күні Шардара ауданы Қоссейіт ауыл әкімшілігінде ауыл тұрғындарымен «Мазхаб ұстану ынтымағымыздың кепілі», — атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге ауыл әкімі Ж. Асқар, аудан әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Алибеков, аудан имамы А. Данияров, ҰҚК — нің өкілі, «Шартарап -Шарайна » газетінің редакторы Н. Қары қатысты. Аудан имамы имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а) мазхабы төңірегінде уағыз — насихат айтып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.