Шардара ауданы: Мәзхаб ұстану ынтымағымыздың кепілі

Қыркүйек айының 12-ші жұлдызы күні Шардара ауданы Алатау батыр ауыл округі «Алатау батыр» мешітіне қасиетті жұма намазына аудан имамы А. Данияров, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Алибеков, ҰҚК-нің өкілі қатысты. Жұма уағызында аудан имамы «Мәзхаб ұстану ынтымағымыздың кепілі», - атты тақырыпта уағыз-насихат айтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы заманға сай жұмыстарын үйлестіре жүргізіп, бірқатар мұсылман мемлекеттермен байланыс орнатты. ҚМДБ қарауындағы мешіттердің түгел дерлігі Әбу Ханифа мәзхабы бойынша шариғат ұстанып, соған орай амал етеді. Бұл ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейте түсуге қызмет етеді деген сөз.

Сөз кезегінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын тілге тиек етіп:«Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзхабын ұстанатын сүнниттерміз.Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал», — деді.  Жұма намазынан кейін жамағат сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды

 

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники