Құрбан айт намазы ОҚО-да 2014 ж. 04 қазан таңғы сағат 8.00 оқылады.

 Бейбіт қажы Мырзагелдиев,

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы

 

ҚҰРБАН АЙТЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!

 

Бисмилләһир рахманир рахим!

        1259209597 Бүкіл әлемді жоқтан бар етіп жаратқан Аллаһ тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын!  Адамзаттың асылы, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алайһи уассалламға және оның қасынан табылған сахабалар мен салихтарға Аллаһтын сәлемі болсын, Әмин!

       Құрметті мұсылман бауырлар! Қадірлі жерлестер!

Барша мұсылман әлемінің асыға күткен қасиетті мерекесі – Құрбан айты құтты болсын! Әрбіріңіздің шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға тыныштық, жұмыстарыңызға табыс тілей отырып, барша әлемнің Жаратушысы Аллаһ тағала егеменді еліміздің болашағын жарқын, көк байрағымыздың әрқашанда биік болуын нәсіп етсін дегім келеді.

   Құрбан айт — мұсылмандардың ұлық мерекесі. Құрбан айттың өзге мұсылмандық мерекелерден басты айырмашылығының бірі – жылына бір рет келетін қажылық парызының өтелуімен өлшенетіндігі. Қазіргі күні күллі әлемнің қажылық ниетін өтеуші азаматтары Араб елінің Мекке, Мадина қалаларында ең басты парыздарын атқару үстінде. Аллаһ тағала олардың барлығының да ниетін қабыл етсін деп тілейміз.

Құрбан сөзі — араб тілінде «жақындау» деген мағынаны білдіреді, яғни, бұл жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу деген сөз. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы — «шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды.

Жағдайы бар адам құрбан айтта құрбандыққа мал шалу — Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп. Уәжіптігінің аят-хадистердегі дәлелдері төмендегідей: Аллаһ тағаланың Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал»деп бұйыруы құрбан шалудың уәжіптігін білдіреді.

Пайғамбарымыздың (саллалаһу аләйһи уәсәллам): «Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим бабаларыңның сүннеті», — деуі құрбан шалудың уәжіптігіне қайшы емес. Өйткені хадисте айтылған «сүннет» — жол деген мағынаны білдіреді. Яғни, бізге уәжіп ретінде міндеттелген құрбан шалу — Ибраһимнің (а.с.) жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді. Құрбан шалушы барлық азаматтардың ниеті қабыл болсын!

  Ұлы Аллаһ тағала барша ниеттеріміз бен тілектерімізді қабыл етсін! Әмин!

 

         Ескерту: Құрбан айт намазы 2014 жылғы 04 қазан күні, таңғы сағат 8.00-да облысымызға қарасты барлық мешіттерде оқылады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , , , , ,