Шардара ауданы: Қажылық сапарына баратындарға ақ сапар тіледі

Аудан әкімі Қамытбек Айтөреев қажылық сапарға аттанушы бір топ азаматтарды арнайы қабылдап, олармен сұхбат құрды. Олардың хал — ахуалын, әкімдік тарапынан қандай жәрдем керектігін сұраған аудан басшысы қасиетті орынға аман — есен  барып келулеріне тілектестігін білдірді.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз мамыражай ғұмыр кешіп жатыр. Тәуелсіздік біздерге дінімізді, ділімізді қайта әперді. Соның арқасында осындай қажылық парызды орындауға мүмкіндік туып отыр деп айтсақ жарасады. Жолдарыңыз ақ болсын, елге аман — есен оралуларыңызға тілектеспіз, — деді  Қамытбек Нұржанұлы.

Биыл оныншы мәрте қажылық парызын өтеуге аттанып бара жатқан Қажылар қауымдастығының төрағасы Дәулетқажы Өзденбаев  Алла жазса, бүгін — ертеңдері жолға шығамыз. Біздің ауданнан барлығы 10 азамат қажылық парызын өтеп қайтпақшы. Біздер қажылар қауымдастығы атынан «Әл — Мәруа» фирмасы  арқылы аттанамыз. Ол жерде ел мен жердің амандығын, ауданымыздың өсіп — өркендеуін бір Алладан тілек етеміз, — деді. Сонымен, биылғы жылы 10 шардаралық азамат киелі орынға сапар шекпек. Олар Дәулет қажы Өзденбаевтан бастап, Қанай Боранбаев, Кеңес Мүтәлиев, ерлі — зайыпты Жұмабек және Болсынай Қабыловтар, Нұрахмет Бижигитов, ерлі — зайыпты Қайрат Карибаев пен Гулзахира Тағайбекова Анарбек Қарабеков және Жантөре Нұрманов есімді азаматтар. Бұлардың ішінде Қоссейіт ауылының имамы Нұрахмет Бижигитов ҚМДБ — ның  төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тікелей қолдауымен біздің облысқа бөлінген екі квотаның, соның ішінде   біреуіне шалғайда жатқан ауыл имамы иелік етіп отыр. Айта кетейік, бүгінге дейін ауданда барлығы 70 — ке жуық азаматтар қажылық парызын өтеп келді.

 

Шардара ауданы Әділ Абдіраманов

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники