Шардара ауданы: Жұма тықырыбы Алланың мекені жайлы

Шардара ауданы: «Алла Тағала аспанда деп айту дұрыс па?

Тамыз айының 19 — шы жұлдызы күні Шардара қаласы «Шардара» орталық мешітінде қасиетті жұма намазына жиналған жамағатқа  «Алла Тағала аспанда деп айту дұрыс па?, — атты тақырыпта. арнайы іс — сапармен келген Облыстық орталық мешітінің найб имамы, Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі Е. Қарақұлов уағызында қарапайым отбасы өміріне зер салсаңыз, берекесі кеткен, тыныштығы бұзылған жанұяда өмір сүру үйлесімі жоғалады, алдыға дамудың орнына, керісінше құрдымға бет алады. Сол сияқты қоғамдағы тыныштық, бейбіт өмір болса, бұл Алланың сол қауымға берген ерекше нығметі. Сондықтан да қоғамда — тыныштық пен бейбітшілік сақталып, оның дамуына үлес қосу, әрбір адамның міндеті деп түсінуіміз қажет. Тыныштықтың қадірін соғыс өртіне ұрынған елдер мен қауымдар жақсы білсе керек, олармен тілдесіп көрсеңіз бүліктерден әбден шаршап, қалыпты тыныш тұрмыс жағдайды аңсайтындарын жасырмайды. Езіміздің ынтымақта өмір сүруінің де дәлелі басшылыққа бой ұсынуымен ҚМДБ — ның ұстанған ұстанымы имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабы, сенімде имам Мәтруди мазхабын ұстануда екендігіне тоқталды. Жұма намазынан кейін жамағат көңілде жүрген сұрақтарын ортаға салып, тұшымды жауаптарын алды.

 

Шардара ауданы: «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники