Шардара ауданы: «Перзенттің ата — ана алдындағы борышы»

Тамыз айының 19 — шы жұлдызы күні Шардара ауданы  Жаушықұм ауылы «Жаушықұм» мешітінде қасиетті жұма намазына жиналған жамағатқа  «Перзенттің ата — ана алдындағы борышы», — атты тақырыпта облыстан арнайы іс — сапармен келген Қазығұрт шағын ауданы «Қожданай ата» мешітінің бас имамы Д. Желеуов  уағыз — насихат айтты. Дастан Желеуов  ислам діні жанұяны сүйіспеншілік пен өзара көмектесу, жанашырлық  сезімін қалыптастыратын қасиетті шаңырақ ретінде қарастырады. Ұрпақтың жалғасып, олардың ұядан ұшқанға дейінгі баянды өсіп — жетілуі ата — анаға тікелей байланысты. Алла Тағала ұрпақтың жалғасуын негізгі бес қасиетті ұғымдардың қатарына қосып, оның сақталуына үлкен маңыз артқан. Қасиетті шаңырақты шайқалтпай негізін қалыптастыратын ең берік тірек ата — ана.  Адамның дүниеге келуіне себепкер болып, жетілуінде ерекше рөлі бар ата — аналар ең әуелі құрмет көрсетілуі тиіс аяулы жандар екендігіне кеңінен тоқталды. Жұма намазынан кейін жамағат көңілде жүрген сұрақтарын ортаға салып, тұшымды жауаптарын алды.

 Шардара ауданы: «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники