Шардара ауданы: «Неке және отбасы»

Тамыз айының 17 — ші жұлдызы күні Шардара қаласында орналасқан өрт сөндіру бөлімінің  қызметкерлерімен «Неке және отбасы», — атты тақырыпта кездесу өтті. Аудан имамы А. Данияров уағызында қыз бен жігіттің үйленуі үлкен мақсатқа бастайтын Алла Тағала жолға қойған берекелі келісім, сауапты іс. Оның негізгі мақсаты Алла Тағалаға ғибадат қылатын, өзі өлгенде соңында дұға оқып, адамдар ортасында атын өшірмейтін ұрпақ сүю, зина және басқа да әдепсіз іс — әрекеттер тәрізді харамнан сақтану. Отбасының иесі — еркек. Отбасында туындайтын әрбір мәселе өзінің мақұлдауымен, ықтиярымен шешіледі. Осыны ұмыта бастаған әйелге әрдайым ескертпе жасап, есіне түсіріп қоюдың артықшылығы жоқ. Ерлер мен әйелдер бір — біріне мейірімді сүйіспеншілік көздерімен қараса, ар алдында ашық махаббат болса олардың барлық күнәсі бармақтарының арасынан төгіледі деп қорытындылады. Ортаға қызметкеллер тарапынан қойылған сұраққа тұшымды жауап берілді.

 

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники