Оңтүстік Қазақстан облысына жаңа өкіл имам тағайындалды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы қызметіне діни салада тәжірибесі мол, білікті дінтанушы Ахметжан қажы Керімбек тағайындалды.

Қасиетті жұма намазында наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығын жамағатқа оқып берді. Серікбай Сатыбалдыұлы жауапты қызметті төрт жыл атқарған Бейбіт Мырзагелдиевтің игілікті істері мен жемісті еңбектерін тілге тиек етіп, Бас мүфтидің бұйрығымен ҚМДБ Халал өнімдерді сертификаттау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалғанын жеткізді. Ержан қажы Малғажыұлының алғыс хатын табыстады.

«Сіз еліміз бойынша ең көп мешітті мекен, салт пен дәстүрді сақтай, ана сүтін ақтай білген киелі оңтүстік өңірінде өкіл имам қызметін атқардыңыз. Жауапты да сауапты жұмыс барысында елді игілікке, имандылыққа, ынтымаққа ұйытып, ізгілік жолында ілкімді істерге бастамашыл болдыңыз. Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен діни саладағы мол тәжірибеңіз Оңтүстік Қазақстан облысында асыл дініміз Исламның өркендеуіне, халықтар бірлігінің нығаюына сүбелі үлес қосты», – делінген Бас мүфтидің алғыс хатында. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов мырзаның да алғыс хаты оқылды.

Ұлттық дәстүрге орай, Бейбіт Мырзагелдиевтің иығына шапан жауып, құрмет көрсетілді.

Жаңа өкіл имам Ахметжан Керімбек бұған дейін оңтүстік өңірде жауапты қызметтер атқарған.

AhmetjanАхметжан Пірәліұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің 2014 жылдың 22 қаңтарындағы бұйрығымен Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің Бас имамы қызметін сақтай отырып, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне бірінші найб имам болып тағайындалды.

А.Керімбектің қызмет жолдары:

1994-1996 жылдары Шымкент қалалық «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінде найб имам;
1996-2000 жылдары Түркістан қалалық «Хилует» мешітінде Бас имам;
2000-2001 жылдары Шымкент қалалық «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінің Бас имам;
2001 жылы ОҚО орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің найб имамы;
2001-2010 жылдары ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам;
2007-2010 жылдары «Шымкент» медресесінің директоры қызметін қоса атқарды;
2010-2011 жылдары ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы;
2011 жылдан бері Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің Бас имамы;

Сондай-ақ, 2001 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шешімімен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен және 2010 жылы ОҚО әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Отбасылы, 3 ұл, 1 қызы бар.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники