Келес өңірі: «Құрбан айтта» өткізілген іс-шаралар

20141004_085410Мұсылмандар мерекесі болған «Құрбан айт» Сарыағаш ауданы Келес өңіріндегі «Ешан баба» мешітінде  үлкен қуанышпен атап өтілді. Таң атқаннан жамағат мешітке келіп таң намазын оқыды. Соңынан мешіт имамы Аристанов Өмірзақ айт намазы үшін жиналған жамағатқа Исламдағы ата-ананы және қарияларды құрметтеу жайлы уағыз-насихат жасады. Айт намазы оқып болған соң мешіттің ауласында спорттық жарыстар өткізілді. Атап айтқанда тас көтеру, қол күресі түрлерінен жарыстар өтті. Қатысып 1, 2, 3 орынды иеленген жастарға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сосын мешітке әкелінген құрбандықтар шалынып, жетім- жесір және нашар отбасыларға таратылды. Жалпы 12  қой құрбандық шалынды.

 

«Ешан баба» мешіті баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники