«Қош келдің құрбан айт» ғибратты кеші өтті

Ассалаумағалейкум, жамағат!

Дәстүр, дінін жүрер әркез бағалап.

Жыл он екі ай уақыт сап араға,

Құрбан айт келді міне жағалап — деп .

Ақындар жырға қосқан қасиетті мұсылмандар мерекесі «Құрбан айт» баршамызға мүбарак болсын! Тәуелсіздігімізбен бірге қайта оралған ана тілімізбен дініміз, дәстүр-салтымыз бен әдет-ғұрпымыз күн өткен сайын жаңарумен жаңғыру үстінде. Соның бір дәлелі санаулы күндері есік ашқалы отырған құрбан айт мерекесін еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды аталып өту үшін қызу дайындық үстінде.  Бұл игі шарадан сырт қалмай мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі орталық «Түлкібас ата» мешітімен бірлесе отырып «Қош келдің құрбан айт» ғибратты кешін өткізді. Құрбан айт мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп беру үшін орталық «Түлкібас ата» мешітінің бас имамы Бауыржан Оңалбаев баяндама оқыды.

Бүгінгі ғибратты кештің ерекшелігі сол, тек дін қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге мәдениет пен өнер адамдары да қатысты .

Шапқанда қызып терлеген,

Намысты қолдан бермеген.

Ақын да бейне бір тұлпар,

кетпеген басы кермеден – деп .

Ауданымыздың ақиық ардагер ақыны Әбдібек Аралбайұлы өлең жолдарын жиналған көпшілікке оқып берді. Бәріміз білетіндей, құрбан айт мерекесі қарсаңында әлем мұсылмандары қажылық парыздарын атқару үшін Мекке Мәдина қаласына аттануда сол себепті арамыздан бірер жыл бұрын қажылық парызын өтеп қажы атанып келген  Әліпбек қажы Мырзагелдиев сөз алып қажылық сапарын баяндап берді..

 

«Түлкібас ата» мешітінің жамағаты : Тұрысбек Келімбетов

30.09.2014ж. Сағат:16.00. Т.Рысқұлов ауылы, Аудандық орталық кітапхана.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники