Амалдар ниеттке қарай ескеріледі.

Мейірімді, Рахымды Алланың атымен бастаймын!

Өз пенделеріне әр - бір істе ниет және  ықылас пен ілімді шарт қылған Аллаһ тағалаға барша мақтаулар, шүкірлер болсын. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с) Аллаһ тағаланың сәлемі мен салауаттары  болсын

« إنَّماَ الأَعْمَالُ بالنِّيَّاتِ ، وإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى ، فَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ إِلَى اللهِ وَرَسُولِهِ فَهِجْرَتُهُ إلَى اللهِ وَرَسُولِهِ ، وَمَنْ كاَنَتْ هِجْرَتُهُ لِدُنْيَا يُصيِبُهَا، أَوْ امْرَأَةٍ يَنْكِحُهَا فَهِجْرَتُهُ إلَى مَا هَاجَرَ إليْهِ »

Әмирул - әл - муьминун Әбу Хафс Омар ибн Хаттоб (р.а) айтады: Мен Расулуллаһ (с. а. с) естіген едім: «» Амалдар ниетпен дұрыс болады. Әр кісінің ниеті ескеріледі. Кімнің хижраты Аллаһ тағала және Расулі үшін болса, оның хижраты Аллаһ тағала және Расулі үшін болады деп жазылады. Кімнің хижраты дүние үшін  болса, оған қолы жетеді немесе бір әйел үшін болса, оны некелеп алады. Демек хижраты неге болса, сол жазылады». Хадистегі «хижрат» сөзі түрлі мағынада қолданылады. Қоныс аудару, бойын аулақ ұстау, безіну бәрі де келеді. Бір жаман әдеттен Құдай үшін бой тарту - хижрат, бір жақсы әдет немесе амалдарды сауап үмітімен жақсы көру хижрат. Амал үш түрлі жолмен іске асады: жүрек, тіл және дененің өзге ағзалары. Ниеттің орны жүрек, олай болса ниеттің өзі жеке ғибадат  бола алады. Өйткені хадисте: Пайғамбарымыз (с. а. с) «Момын пенденің ниеті амалынан қайырлы», - дейді.

Енді бұл хадистің ишараты бойынша ниеттің орны бөлек екендігі байқалады. Егер ниет түзу болса, амал да дұрыс, онсыз амал түзелмейді. Егер амал жасалып, оған ниет бір келсе, онда үш түрлі нәрсе іске асады.

  1. Амалын Аллаһ тағалдан қорқып жасаған болуы, бұл ғибадат.
  2. Жәннат немесе сауап үмітімен бір амалды жасауы. Мен  амал етсем, Аллаһ тағала маған сауап береді, не жәннатын сыйлайды деген игі тілектен туған қадам.
  3. Қай амалы болса  да Аллаһ тағаладан ұялып және өзінің пендешілік парызын орындау үшін, Аллаһ тағалаға өзінің еткен амалын сол нәрсе көріп, үнемі Аллаһ тағаладан қорқып зікір мен ғибадатын қоймайды. Бұл амалдың сұлтаны.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с) түндерде ұзақ - ұзақ қиямда тұрып намаз оқығандықтан аяқтары ісіп кеткен. Сонда Айша (р.а) анамыз: - Иа Раулуллаһ Сіз осынша жаныңызды қинайсыз. Аллаһ тағала Сіздің  өткен -өткен күналарыңызды алдынан  кешіріп қойған жан емессіз бе?, - дегенде. Ол кісі: Мен соған шүкіршілік еткен болмаймын ба?, - деп жауап берген . Амалдар ниетке қарай болады.

Бұл хадис шарифті мухаддистер мен ғұламалар арасында Умму Қайс есімді Меккелік мұсылман әйелге бір кісі үйленбек ниетін білдірген еді. Умму Қайс: «Мен Мәдинаға хижрат етіп кетейін деп жатырмын. Сен егер мұсылман болып арқамнан Мәдинаға іздеп барсаң, саған тұрмысқа шығамын», - депті. Әлгі адам он күн жол жүріп Меккеден Мәдинаға келіпті. Умму Қайсті іздеп тауып өзінің ниетін  және айтыпты. Өзінің шартын жүзеге асыру үшін Умму Қайс оған разы болып  тұрмыс  құрыпты.  Расында хижрат ету үлкен сауап. Діні үшін хижрат қылған адамның ниеті үйлену  үшін он күн  сапар шегіп, Меккеден Мәдинаға келді.  Бұл адамның ниеті егерде үйлену болмағанда, Мәдинаға келмес еді. Енді бұл адамға муһажирлік мәртебесі болады ма? Муһажирлікке уәде қылынған әжір сауаптан және ұдық мәртебеге ілесе алмайды. Себебі оның ниеті басқа  нәрседе болған.  Мына осы нәрселерді сахабалар жағынан пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с)  сұралғанда жоғарыдағы «Амалдар ниетпен дұрыс болады», - деді. Міне осы хадиси шариф ниетті туралау керектігін, жақсы ниет қылу арқылы  көп нәрселерге еруі  жайында ашық айтылуда.

Мысал үшін бір адам үнемі жуынады. Егерде ол адам ғұсыл алуды ниет етіп шариғатымызда бұйырылған амалды жүзеге асырып  ғұсыл аламын деп ниет қылса, ғибадат орнына  өтеді. Ал тазалық үшін деп ниет етсе тазалыққа ілеседі бірақ ғибадат үшін  ниеті  болмағандықтан сауабқа ілеспейді. Кімнің ниеті Аллаһ тағала және Расулі үшін  болса, оның хижраты Аллаһ тағала және Расулі үшін болады. Шариғатта  болса Аллаһ және оның елшісінің разылығын табуды тілеп дін жолында Меккеден Мәдинаға баруға айтылған. Кейінірек дін жолында өз отанын тастап басқа жұрттарға көшіп кетуді хижрат деп атаған. Демек Аллаһ тағала және оның Елшісі үшін  деген ниетпен хижрат қылған адам шындығында  муһжир  болады. Аллаһ тағала және Пайғамбар (с. а. с) тарапынан муһажирлерге уәде қылынған мәртебеге ие бола алады. Амал істелуімен бәрі бір, ал ниетке қарап түрлі нәтижелер береді екен. Мысал үшін бір кісі  мешітте отыр еді. Ол адамның ниеті дем алу үшін болса амалы әдет бойынша  дем алады, сауап ала алмайды. Сол отыруда итикафты ниет еткен болса, хадисте айтылғанды жүзеге асырамын десе, деген ниетімен отырса ол ғибадатқа айналады.

Шариғатымыз отан құруды әмір еткен. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с) «Неке менің сүннетім кім менің сүннетіме ермесе, меннен емес», - деген. Сол үшін отан құруды ниет қылдым деген адамның өмірдегі үйленуі ғибадат болып саналады. Үйленіп шахуатымды бір қандырсам деген ниетті кісі сол ниетіне жетеді бірақ әжір сауаптың маңына да жақындамайды.  Дінімізде жануарларға мейірімді болуға, оларды шөпсіз, сусыз қалдырмауға әмір қылынған, енді сол әмірге бой ұсынуым керек деген ниетті адамның жануарларды бағып қарауының өзі ғибадатқа саналады. Осы істеген амалына сауап алады. Егерде осы малдарды жақсылап бақсам, еті көп болады, оны сатып көп ақшаға ие боламын деген адам етке, көп ақшаға қол жеткізуі мүмкін бірақ сауапқа жетпейді.

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхамме,д (с. а. с) хадисінде «Ілім талап қылу әр бір мұсылман ер мен әйелге фарыз»,- делінген. Не үшін? Демек иман келтіру үшін де ілім керек. Ихлас, ғибадат, мұсылман болу үшін, Аллаһтың разылығын табу үшін де ілім керек.  Сонымен қатар тозақтан құтылу және жәннатқа жету үшін де ілім керек. Халқымның ел - жұртымның мен үйренетін ілімге мұқтаждығы  бас фарыз кифояны істеуім керек деген ниетпен ілім алушы істеген амалы ғибадат болып саналады.

Пайғамбарымыз (с. а. с) хадисінде «Кімде - кім білім іздеу жолына түссе Аллаһ тағала оған бару жолдарын жеңілдетеді. Періштелер ілім іздеушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде ғалымға көктегілер мен жердегілер, тіпті судағы балықтарға  дейін жарылқау тілейді», - дейді. Ілім алсам мол дүние тауып, мансабқа жетемін  деген адам мол дүние, мансабқа жетеді, бірақ Аллаһ тағала тарапынан берілетін сауаптан құр қалады. Енді әр бір істелетін амалымызды тек қана Аллаһ тағаланың разылығын табу мақсатында істелуі қажет.

Ғұламалардың кейбіреулерінен риуаят етіледі. Риякерлік үшін ғибадат адам қалтасына тас толтырып базарға шыққан адам секілді. Адамдар «Бұл кісінің қалтасында ақшасы тола екен», - деп ойлауы мүмкін. Бірақ оған адамдардың сөзінен басқа пайда жоқ. Егер бір нәрсе сатып  алмақшы болса, оған еш нәрсе бермейді. Өйткені оның қалта тола тастан басқа еш нәрсе жоқ. Рия үшін істелген амалға да ақиретте сауап болмайды.

Ғұламалардың бірі айтады: «Кім жеті амалды жеті нәрсесіз істесе. Істеген амалы оған пайда бермейді».

  1. Қорқумен, бірақ күнәдан сақтанбастан амал істесе. Яғни әдетте мен Аллаһтың азабынан қорқамын деп, күнә істерден өзін тыймаса. Енді мұндай сөз оған еш пайда бермейді.
  2. Талапсыз үмітпен амал қылса, яғни мен Аллаһ тағаланың сауабынан үміт етемін дейді, бірақ ізгі амалдармен сауапты талап етпейді, оның бұл сөзінен еш пайда жоқ.
  3. Ниетсіз яғни жақсылық және ғибадат сияқты амалдар  істеуді жүрегінде ниет етеді. Оны істеуді өзі ниет қылмайды, оның бұл ниетінен пайда жоқ.
  4. Әрекетсіз дұға ету, яғни жақсылықтарға жетуді Аллаһтан сұрап  дұға етеді, бірақ әрекет қылмайды, оның дұғасынан  ешқандай пайда жоқ.  Өйткені Аллаһ тағала  жәрдем беруі үшін әрекет  керек.
  5. Өкінішсіз истиғфар айту, яғни Аллаһтан кешіруін сұрайды да, бірақ істеген күнәларына  өкінбейді. Өкінішсіз кешірім сұрау еш пайда бермейді.
  6. Ықылассыз көп амал істеу, яғни көп ғибадаттар істейді, тырысады бірақ Аллаһ тағалаға ықыласпен амал қылмайды. Ықылассыз орындалған амалдары оған пайда бермейді.  Мұндай амал да өз - өзін алдаған болады.
  7. Әшкере амал істеп, жасырын амал істемеу, яғни амалдарын әшкере істегенде жақсы орындайды, бірақ жасырын халде  жақсы орындамайды. Мұндай әшкерелігі оған ешқандай пайда бермейді.

Алла тағала барша тілеген тілек дұғаларымызды қабыл етіп, солих пенделердің қатарында болуымызды нәсіп етсін.

Дайындаған: «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А.Данияров.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: 


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


4 − 3 =