Қазақстан мұсылман әлемінің бөлінбес бір бөлігі — Меруерт Әбусейітова

Араб елдеріндегі қазіргі ахуалға сарапшылар талдап, қандай да бір ұсыныстар мен шешімдер қабылдауы керек. — М. Әбусейітова
Араб елдеріндегі қазіргі ахуал бір күндік, бір айлық не бір сәттік жағдай емес.
Бұл туралы Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Меруерт Әбусейітова бүгін Алматыда өткен «2011-2012 жылдары Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.
«Араб елдеріндегі қазіргі ахуалға сарапшылар талдап, қандай да бір ұсыныстар мен шешімдер қабылдауы керек. Таяу Шығыстағы бұл дағдарыс тарихта бірінші рет болып отырған жоқ. Өзінің қуаты жағынан ол өте күшті. Қазақстан биыл Ислам конференциясы ұйымына төрағалық жасайды. Бұл конференция кезінде сарапшылар саяси ғана емес, қауіпсіздік пен экономикалық мәселелерді де қарастырды», — дейді Меруерт Қуатқызы. Ғалымның айтуынша, Қазақстан сонау ерте тарихи уақыттардан бері мұсылман әлемінің бөлінбес бір бөлігіне айналды. Сондықтан ислам әлемі туралы айтқан кезде біз тарихи, мәдени, дәстүрлі және діни тарихымыздың ортақ тұстарын жадымыздан шығармауымыз керек. ҚазАқпарат.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу