Түркістанда «Экстремизм және терроризм атты» тақрыпта кездесу болып өтті

Түркістан қаласының «Мәдениет үйінің» АКТ залында «Экстримизм және терроризм атты» тақрыпта кездесу болып өтті.
Кездесуге ОҚО орталык «Абдулхамид Қаттани» мешітінің наиб имамы Естеміров Мұхаммеджан қажы, «Нұр мұра» қоғамдық бірлестігінің төрагасы Абдулла Бахадыр қажы, Діни істер департаметінің Бас маманы Досымжан Пұрбаев мырзалар келді.
Сонымен бірге Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ибрагимов Жанболат мырза, Түркістан қала, ауыл имам-молдалары, мектеп директорлары, Қала ақсақалдарының қасысуымен кең көлемде жиналыс болып өтті.
М.Естеміров еліміздегі кері ағымдар, «Уахабилік», «Сәләфи», «Таблиғшылар» т.б. кері ағымдар жайлы кеңінен баяндап өтті.  Негізгі мәселе кері ағымдардың қоғамдағы зияндықтары мен кері әсерлері туралы болды. Және осы кездесуді пайдаланып М.Естеміров, О.Көбеков ауыл әкімдеріне жалпы мешіт кұжаттарын рәсімдеу барысында имам-молдаларға көмек беруді сұрады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу