Шұғыл! Қала, аудан имамдарына!

ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бөлімінің №22/0186 19.04.2022 санды тапсырмаға сәйкес.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің тапсырмасына орай,  10 мамыр 2011 жылы облыстық «А.Қаттани» мешітінде облыстық деңгейде өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысына өз қала, ауданыңыздан талапкерлерді дайындап аты-жөнін өкілдікке 5 мамырға дейін жіберіңіз.

Сондай-ақ, жүлделі орын иелеріне IV-Республикалық Құран Кәрім жарысына арнайы жолдама беріледі.

Облыстық деңгейдегі Құран Кәрім жарасы төмендегі бес бағыт бойынша өтіледі:

  1. 30 пара (Құранды толық жатқа оқу);
  2. 20 пара (Құранның 3/2 жатқа оқу);
  3. 10 пара (Құранның 3/1 жатқа оқу);
  4. 5 пара (Құранның 3/0,5 жатқа оқу);
  5. Құранды көркем (тәжуид қағидаларын сақтап, Құранды мәнерлеп оқу).

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Байқауға 15 жастан 25 жасқа дейін жас аралығындағы талапкер қатыса алады;
  2. Қатысушы қай аудан, қаладан болса, сол ауданның азаматы болуы;
  3. Қатысушы тек бір деңгейден ғана қатысуға рұқсат;
  4. Қазақстан азаматы болу;
  5. Қатысушы бір мезгілде екі деңгейге қатыса алмайды;
  6. Қатысушы таңдаған деңгейін өзгертуге құқығы жоқ;
  7. Қатысушылардың келіп, кету жол шығыны, түскі ас т.б. қала, аудан имамдары ұйымдастырады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу