Мектептерде хиджаб киюге тыйым салуға қарсы топ Бакуде Әзірбайжан білім министрлігі ғимаратының қасында наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Contact.az. Рұқсат етiлмеген акцияға қатысушылар «Хиджабқа бостандық берілісін» және «Аллаху акбар» деп ұрандатып, білім министрі Мисир Мардановты отставкаға кетуін талап етті.
Полиция дойыр қолданып акцияға қатысшыларды қуып тарқатпақ болды, дегенмен қатысушылар кете қоймады, қайта полицейлерге тас лақтыруды бастады. Акцияны күшпен басудың салдарынан қатысушылардың бірі есінен танып, ондаған адам аяусыз таяққа жығылып, ұсталды. Әзірбайжан БАҚ дерегі бойынша, полиция Жорналшыларға болған оқиғаны түсіруге тыйым салып, репортерлерді соққыға жықты. BNews.kz