Қырғызстанда тұңғыш мұсылманша неке агенттігі ашылды

Қырғызстанда тұңғыш мұсылманша неке агенттігі ашылды деп хабарлайды КТК телеарнасы. Оның қызметкерлері жар іздеп, жартысын таппай жүргендерге өте қысқа мерзімде өмірлік серік тауып береміз деп уәде етіп отыр.
Қазір агенттіктің жұмысы қызып тұр. Бішкектегі ислам жолын ұстанатындар арасында жар іздегендер өте көп көрінеді. Қазірдің өзінде мұнда 200-ден аса адам тіркелсе, бір айда үш жұп шаңырақ көтерген. Ислам дінін қабылдаған Анатолий Орехов та бес уақыт намазын қаза қылмайды. Есімін Мухаммад деп өзгерткен ол неке агенттігіне жүгінгендердің бірі. Жалпы мұнда келгендердің көпшілігі шариғат жолымен жүретін нәзік жандарды табу қиын дегенді айтады.

Ақпарат көзі: www.ktk.kz

Фото: www.elmedia.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу