Шұғыл! Құрметті қала, аудан имамдары!

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің  № 22/0216 11.05.2022 санды тапсырмаға сәйкес.

Соңғы жылдары ҚМДБ-ның жемісті қызметінің арқасында елімізде намазхандар қатары көбейіп, әсіресе жұма және екі айт намаздарында көбіне-көп аудан, қала, кент орталықтарындағы ірі мешіттерде намаз оқитын орын болмай жатады. Әрине, бұл қуантарлық жәйт. Алайда, осы мәселе бауырларымыздың қысы-жазы табиғаттың құбылмалы жағдайына байланысты Аллаһ үйіне кіре алмай, қақаған аязда және жаңбырлы күндерде жұма намазын сыртта оқуға мәжбүр болуы болашақта Діни басқарманың ғана емес, мемлекетіміз үшін де түйіткілге айналуы мүмкін.
Сол себепті қала, аудан, кент орталықтарының бас жоспарына келешекте жаңа мешіттер салдыруға жер телімдерін алдын ала бөлінуін ойластырыңыз. Ол үшін өз аудан, қала әкімдеріне осы мәселе туралы жазбаша өтінішпен шыққаныңыз жөн.
Тапсырманың нәтижесі жайлы жазбаша түрде өкілдікке хабарлаңыз.
Орындалу мерзімі 12 күн.
ҚМДБ-ның ОҚО  бойынша өкіл имамы: Б.Мырзагелдиев

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу