Бүгін Астанада Шейх Кунта Қажы атындағы жаңа мешіт ашылды.

Сарыарқа ауданындағы Мұса Жәлил көшесі бойынан іргесі қаланған 700 орындық мешіт шешен-ингуш халықтарының бірлескен бастамасымен бой көтерді.
Мешіт ғимараты екі қабатты және қызыл кірпіштен тұрғызылған. Биіктігі 8 метрлік күмбезі мен 21 метрлік мұнарасы бар. Әйелдерге арналған 96 шаршы метрлік намаз залы екінші қабатта орналасқан. Шейх Кунта Қажы мешітінің Бас имамы Жақыяқажы Исмаиловтың айтуынша, мешіттің бірінші қабатында имам бөлмесі, неке залы, құран оқитын бөлме, жуынатынорындар, мешіт қызметкерлеріне арналған ықшам асханасы бар.
Шараның ашылу салтанатына ҚР Бас мүфтиінің орынбасары Мухаммед-Хусейн қажы Алсабеков, Сарыарқа ауданының әкімі Сәбила Мұстафина, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар қалаларынан келген делегациялар және этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
«Бүгінгі Қазақ топырағында бой көтеріп отырған зәулім мешіт — Қазақстандағы діни толеранттылықтың үлгісі іспетті. Қазіргі таңда тек Қазақ елінде ғана мешіттер, шіркеулер, синагогалар бір уақытта бой көтеріп жатыр, бұндай бетбұрыс жалғаса берсін, себебі бұл рухани құндылықтардың өсуіне ғана жол ашып қоймайды, бұл сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан барлық халықтар арасындағы ынтымақ пен достықты, ымыра-бірлікті бекіте түсуге септігін тигізбек», — деді шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген шешен -ингуш орталығының төрағасы Салман Героев.
Мухаммед-Хусейн қажы Алсабеков шара барысында Шейх Кунта Қажы мешітінің Бас имамы Жақыяқажы Исмаиловқа ҚР Мұсылмандары діни басқармасының атынан қасиетті Құран Кәрімді тапсырды. «ҚазАқпарат»

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу