Оралман балаларға көмек көрсетілді.

Жуырда Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайының қарсаңында және халықаралық балалардың құқығын қорғау күніне орай  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкілдігі мен Республикалық «Атажұрт мейірім» қоғамдық қоры бірлесе отырып, «Ағайыннан мейірім» акциясын Сарыағаш, Қазығұрт, Түркістан, Кентау, Отырар аудандарында өткізіп, әлеуметтік жағдайы төмен оралман отбасылардың 150-ден астам балаларына  киім-кешек, жазғы жеңіл киімдер т.б. заттар беріледі. Аталмыш шараны облыстық мешіттен Мұхамеджан Жамантайұлы мен қор төрағасы Үкібаев Артықбай деген азаматтар ұйытқы болды. Қайырымдылық шара барысында демеушілер тарапынан алты жүз мың теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

Шараға облыс, аудан әкімдігі өкілдері, облыстық балалардың құқығын қорғау басқармасы, дін  және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, т,б. құзырлы мекеме өкілдері қатысты.

Бұл акцияны өткізудегі мақсат, Мемлекет басшысы, қауымдастық төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының III құрылтайында айтқан: “Бүкіл халық болып көшіп келіп жатқан ағайынға көмектесу әр бір қазақтың парызына айналуы тиіс«  деген үндеуін амалға асыру міндетін алды.

Сондай-ақ, қайырымдылыктың негізгі мақсаты, ауқатты және кедей отбасыларының арасында рахымдылық, мейірімділік көпірін орнату, коғамымыздың рухани кемелденуіне септігін тигізу.

Облыстық «Абду Хмид Қаттани» мешіті мен Республикалық «Атажұрт мейірім» қоғамдық қоры, 2009 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында Наурыз, Ораза айт, Құрбан айт мерекелер алдында 134 мұқтаж, асыраушысы жоқ, көпбалалы оралман отбасыларына сыйлықтар тапсырды, мыңға таяу бала мейірімге бөленді.

Осындай игі шараларды дәстүрлі түрде өткізіліп отыруды міндетке айталатын болды.

Мұхамеджан Естеміров,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары.



Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован.

*
*