Ислам дініндегі бала тәрбиесінің маңызы.

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.

Бүгінгі таңда орын алып отырған қазақ отбасыларында ата-анасы ішімдікке салынып, қызы жезөкшелікпен айналысып, ұлы басбұзар болып, өзінің адамдық қасиетінен айырылған жанұя аз емес. Кейбір адамдар уақытша ләззатқа беріліп, батыстық заманауи жаңашылдыққа еліктеп, отбасының рухани, діни тәрбиесіне көңіл бөле бермейді.

Құран аяттары оқылған шаңырақта ұрыс-керіс, жаманшылық сияқты әзәзілдің пиғылдары іске аспайды. Ол шаңырақта, үнемі періштелер торуылдап жүреді. Ең бастысы, дәм-тұзымыз таусылып, о дүниелік болған шағымызда артымыздан Құран оқып отыратын перзентті қазірден тәрбиелеуіміз керек.

Бір күні Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) қасына бір әйел келіп: »Мен бір айлық сәбиіме қандай дұға қылайын, оған нендей тәрбие бере аламын?»-деді, сонда: «Сен кеш қалдың»- деген екен, сондағы Пайғамбарымыздың айтпағы, анасы құрсағына бала біткенін білсе, сол күннен бастап, Аллаһтан перзентінің болашағына дұға етуі керек. Және бір хадисте: «Сендердің әрбіріңнің ана құрсағында жаратылуларың қырық күннен тұрады. Ұрық алдымен тамшы, кейін ұйыған қан, сонан соң кесек ет болады. Осыдан кейін (яғни, 120 күннен кейін) ана құрсағындағы балаға періште жіберіледі де, ол балаға жан беріп, төрт нәрсені белгілейді:1) ризығын; 2) қанша өмір сүретінін; 3) істейтін амалын; 4) бақытты не бақытсыз болатынын» — делінген.

Аллаһ тағала қасиетті Құранда былай дейді: «Расында адамды балшықтан жараттық, сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы еттік, сосын тамшыны ұйыған қанға айналдырдық, ұйыған қанды кесек етіп, сүйек жасадық та, сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін жан берумен оны басқа бір жаратылыс қылдық». (Мүьминун сүресі, 12-14 аят). Бұдан 14 ғасыр бұрын келтірілген Құран аяттары хадис – шарифтерде айтылғандар, қазіргі таңда ғылым мен техника шарықтау шыңына жеткен заманда дәлелденіп, жарыққа шығып отыр. Оқыған, көкірегі ояу әрбір азамат осындай дәлелдерден кейін, Құран-кәрім екі дүниенің өмір сүру заңы, бүкіл жер бетіндегі тіршілік иесі және он сегіз мың әлемнің жаратушысы Аллаһ тағала екенін мойындайтын болады.

Перзент —  Аллаһтың ата-анаға берген аманаты. Аллаһ тағала қандай перзент берсе, соған қанағат етуі керек. Ұл болса қуанып, қыз болса қайғыру жөн емес. Аллаһ бізге сыйға берген перзенттеріміздің қайсысында жақсылық бар екенін кім біліпті?! Тіпті, «Мұндай ұлдың барынан жоғы»- деп, күйініп жүргендер аз емес. Ал, әке-шешесін құрметтеп, береке – тірлік жасап жатқан қыздар қаншама! Хадисте: «Ата-анасының баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» — делінген. Біз балаларымызды өзіміз болмайтын уақыт үшін дайындауымыз керек екен. Яғни, ата-анасының көзі болмайтын заманда, алған білімінің жемісін жеп тәрбиесін  көре алатындай.

Бір мұсылман отбасына, көршісі келіп:

—         Көрші, мен сіздерді сыйлаймын. Бірақта балаларыңыз менің бақшамнан алма ұрлап жүр. Сұрасада беремін ғой. Қазірден баланы қолға алмаса ертеңі не болады?- деді. Үй иесі әйелін шақырып :

—         Ойланайықшы, бұл баламыз неге ұрлық жасайды. Осы балаға жүкті кезіңде харам нәрсе жемедіңбе? – дейді. Әйелі:

—         Харам нәрсе жейтін болсақ, несіне намаз оқып жүрміз? – деп далаға шығып кетеді. Әкесі болса, қай жерден қателік істедім, қашан үйге харам тамақ әкелдім  деп отырғанда, әйелі жүгіріп келіп:

—         Есіме енді түсті, осы балаға жүкті кезімде алмаға жерік едім ғой.Сен жоқта алма жегім келіп көршінің үйіне бардым. Қанша есік қақсамда ешкім жауап бермеді. Келген соң айтармын деп, бақшасынан алмасын алып жедім. Соны кейін айтуды ұмытыппын. Мүмкін баламыз соны қайталап тұрған шығар? — деген екен.

Болашақ ана иманды, мейірімді, дені сау бала сүйгісі келсе, әрбір ішкен-жеген тағамына аса ұқыптылықпен көңіл бөлуі тиіс. Ислам заңы қайтарған тағамдардан әсіресе, мас қылатын ішімдік, никотин, колбаса, доңыз етінен мүлде аулақ болсын. Құмартса, қазір ет өндіретін адал (халал) шұжықтар дайындайтын өндіріс орындар жеткілікті. Аллаһ тағала Құранда: «Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды) қанды, доңыз етін және Аллаһтан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» — дейді. (Бақара сүресі 172 аят). Доңыз, жалпы алғанда  арам азықтарды жегендіктен, денесінде көп мөлшерде микроб жинақталады да, оны жеген адамдарда мейірімсіздік пайда болады. Доңыздан адамдарға жұғатын трихина ауруымен қоса, доңыз тілмесі, доңыз тұмауы, доңыз обасы, туберклез сияқты ауруларда бар.Қазір байқамасақ, кейбір тағамдарда доңыз майын қосып дайындайды, себебі, ол зат ұзаққа сақталуы үшін. Ал, алкогольді ішімдіктер тек қана ішкен адамды зияндап қоймастан, оның ұрпақтарына  да әсерін тигізеді. «Арақты өз аузыма ішсем, басқаға қандай зияным бар» — деп ойлайтын маскүнемдер, арақ арқылы қоғамға, әсіресе, ұрпақтарына өз басынан да артық зиянын тигізетінен біле ме екен? Мысалы, маскүнем әкеден туған балалар арасында зейінсіз және есалаңдардың мөлшері өте көп. Егер анасы да арақ ішсе, ондағы сәбидің жаратылуында дәнекер болатын ұрғашы жұмыртқа клеткаларын зақымдайды да, баланың кемтар туылу мүмкіндігі артады. Бүгінгі таңда, әсіресе жүкті кезінде ішімдікке салынып, шылым шегіп өз құрсағындағы сәбиінің болашағына немқұрайлы қараған аналардың балаларында, орны толмас кемдіктер өте көп. Жолында жанын құрбан етуге қиятын сәбиін, саналы түрде немесе еш хабарсыз дүниеге келмей жатып, ана өз қолымен күнәсіз жас сәбидің болашағына балта шабады. Осындай жағдайда  дүниеге келген бала, енді ана сүтімен араласа алкогольді бірге емеді. Бұл балалардың ауруға қарсы қуаты әлсіз болумен бірге, ержеткеннен кейін де араққа бейім келеді. Аллаһ тағала қасиетті Құранда: » Ей, иман келтіргендер! Арақ, құмар ойын, арнайы табынуға тігілген тастар, бал ашатын оқтар тек шайтанның  лас қимылдары. Сондықтан бұлардан аулақ жүрсеңіздер, мұраттарыңызға жетесіздер» — деп, барлық мұсылмандарға ескерткен. Ал, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың сәлемі болсын) «Ішімдікті көп мөлшерде ішкенде адамды мас қылатын болса, оның тамшысы да харам» — дейді. Бұған арақ, шараппен қоса сыра, шампан да жатады.

Сәби дүниеге келгеннен кейін жасалуы сүннет амалдары көп.

  1. Сәбидің құлағына алғашқы естілетін сөз азан. Аллаһтың зікірі болу үшін сәби туған сәтте оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылуы тиіс.
  2. Әкесі немесе бір игі адамның құрманы шайнап, сәбидің ерніне тигізген дұрыс. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың сәлемі болсын) бірнеше жаңа туылған сәбилерге құрманы шайнаған соң, қызыл иегіне жағып, оған береке тілеген.
  3. Туылған балаға арнап, оның атынан ақиқа яғни, қой сою лазым. Хадисте: «Ұл балаға арнап екі қой, қыз балаға арнап бір қой сойылады» — делінген.
  4. Бала туылған күннен бастап, жеті күн ішінде оған ат қою керек. Әлбетте бұл жақсы есім болуы керек.
  5. Бала ұл болса сүннетке отырғызу.

Ата-ана балаларының дені сау, сана-сезімі кемелді, ақылды, зерек болуын қаласа, Жартушы Аллаһ тағала Құранда: «Аналар баланың емшектегі уақытын толық сақтағысы келсе, оның мерзімі толық екі жыл» - деп ескертеді. (Бақара сүресі 23аят). Сәбиін емізерде көкірегін тазалап, «Бисмиллаһир рохманир рохим» айтып еміздіру керек. Бала тамақтанып болған соң «Алхамдулиллаһ» дұғасын дауыстап айтып отыру қажет. Сәби ұйықтар алдында «Аятул курсиді немесе басқа Құран сүрелерінен» оқып дем салғаны жақсы. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Хасан, Хусейн атты немерелеріне дем салып, мына төмендегі дұғаны оқитын: « Сендерді бүкіл шайтаннан, зиянды жәндіктерден және көз тиюден сақта – деп Аллаһтың кемел сөзіне сиынамын».

Ата-ана баласын рухани тәрбиеде ұстаса, сәби күнінен ана тілімен сусындатып, өз халқының әдет-ғұрпын, өз әулетінің шежіресін үйретіп жан-жақты тәрбиелесе, өз ұлтының тарихи мұраларын қастерлесе, ата-ана қадірін білетін, Отанын сүйетін азамат өсіп шығады. Перзентіңіз үнемі Аллаһтың аятының аясында ер жетсе, көкірегі нұрға толы мейірімді Аллаһтың сүйікті пенделерінен болады.

Бала — тәрбиесінің бастауын өз отбасынан, ата-ана мектебінен алатыны даусыз. Ересек адамдар баланың әрбір ісін қадағалап отырмыз деп ойлаймыз, шын мәнінде балалар ересектердің әрбір сөзін, істеген ісін, әрекетін бақылап отырады да, күнделікті тіршілігінде іске асырады.

Балаңыз жеті жасқа толысымен, ақырындап намаз үйретуді Пайғамбарымыз с.а.с. ескерткен.Және хадисте: «Аллаһ тағала Құран және ондағы жазылғанға сәйкес амал еткеннің ата-анасына қиямет күні жаннаттық тәж кигізеді» — делінген. Келесі бір хадисте: »Өлгеннен соң да жеті нәрсенің сауабы пендеге барып тұрады» — делінген. Олар:

  1. Мешіт салса,онда бір кісі намаз оқыса да сауабы тиеді;
  2. Арық қазып, бұлақтың көзін ашса, біреу ол судан шөлін қандырса;
  3. Кітап жазса, адамдар одан пайдаланса;
  4. Көшет егіп көгертсе, адамдар және құстар оның жемісін жесе;
  5. Білім үйретіп, ұстаздық етсе;
  6. Ата-анасы перзентіне Құран, әдеп және ілім үйреткен болса, оның сауабы перзентінің сауабынан кемімей ата-анасына барып тұрады.
  7. Егер ата-анасы перзентіне жаман жолдарды үйреткен болса, оның күнәсі өз күнәсінен кемімей ата-анасына барып тұрады.

Қайсы бір ата-ана болмасын өзінің әрбір баласы дүниеге келгенде қиналып, бар тәттісін соның аузына тосып, ауырса көз ілмей, ұйқысыз түн өткізіп, бейнеттеніп өсіріп, қызын қияға, ұлын ұяға абыроймен қондыруға бар өмірін арнайды. Осындай ата-аналарды ренжітпек былай тұрсын, олардың алдындағы қарызды өтеу мүмкін емес.

Аллаһ тағала елімізді аман, жұртымызға тыныштық, әрбір отбасына дін исламды бұйыртып, иманды, мейірімді, ата-анасына қызмет жасайтын перзенттердің болуын нәсіп етсін.

Арыстан Оспанов,  ОҚО Бәйдібек аудандық «Нақыпбекұлы Әуен»  мешітінің бас имамы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    балам коп нарсені бүлдірді ол үшін дұға кылудан жалыкпаймын бірак калай оны тура жолға салам


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Айнур Ассалаумагалейкум!Сиз дуга тилеуге уялманыз ен бастысы шын таза ниетпен тилеу. Арине намаздан сон тилесенин жаксы болар еди.Кызынызга алла шипасын берсин.


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    СалеметсІздер ме!
    Менің екі сурағым бар.
    1, Біз үйленгеннен кеиін 6,5 жыл алладан сурап жүріп бір қыз таптық, Сол кезде мен алладан маған бір наресте берши соған канагат деймін деп жалынганмын, Енді қызымыз 5 тен асты, Жалғызсырайды ма деп қорқамын, озі де менен бауыр сұрайды, Екінші баланы тағы армандап қалдық, Енди қалай 2-ші баланы сұраймын? Ұят емес пе? Менін діни сауатым аз, бірақ сенемін,
    2, Қызым көп ауыра береді, Дәрігерлер астма деп емдеп жатыр,
    Дұға оқиын десем қалай оқитынымды білмеймі, Көмектесіңіздерші!
    Рахмет, Жауап күтемін,


  4. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Әмин! Алла Тағала тілегіңізді қабыл еткей!

Пікір жазу