БАС МҮФТИ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІНІҢ ЖАҢА КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Қазақстанның рухани әлемі тағы бір ғылыми еңбекпен толықты.
Бүгін Алматыда «Интерконтиненталь» қонақ үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Ислам –Бейбітшілік пен жасампаздық діні» деп аталатын кітабының тұсауы кесілді. Еңбек азаттықтың 20 жылдығына арналады.
Мұнда ұлтымыздың арғы тарихынан бастап, бүгінге дейінгі даму белестері, мәдениетіміз бен ислам дінінің әлем ғылымындағы үлесі мен қоғам татуластығындағы ролі жан-жақты зерттелген.
Шығарма: «Ислам өркениеті және Қазақстан»; «Исламның гуманитарлық әлеуеті» және Исламдық толеранттылық өрісі» деген үш тараудан тұрады. Әр тарау ғылыми негізде жазылғандықтан, бұл кітап аса маңызға ие.
Дінбасы бұл еңбекке 10 жылдан астам уақытын сарп еткен. Әлемнің бірнеше елінің мұрағаттары мен кітапханаларында болған ғалым, қазақ жерінен шығып, ислам өркениетіне үлес қосқан, бұған дейін танылмай келген бірнеше ғұламаның есімдері мен еңбектерін жариялап отыр. Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Ислам – Бейбітшілік пен жасампаздық діні» кітабы үш тараудан тұрады. «Ислам өркениеті және Қазақстан» атты І тарауда автор Ислам мәдениетінің қазақ жеріне келуі оның ықпалы мен рухани орталықтардың қалыптасуы туралы әңгімелейді. Онда ғалым қазақ жерінен шығып, ислам өркениетіне үлес қосқанымен, беймәлім бірнеше ғұламаның еңбектерін жарыққа шығарып отыр. Мәселен Отырар қаласынан Әбу-Насыр Әл-Фарабиден өзге 30 ғалымның шыққаны анықталды.
Әбсаттар қажы Дербісәлі, ҚР Бас мүфтиі:
-Мен Ыстамбулдағы қолжазба қорларда Дамаскідегі қол жазба қорларда Каир, Бағдат көп елдерден осы әдебетімізге байланысты көбіне қол жазбаларды жинап ақырында осындай кітап шығуына негіз болдым.
Сондай-ақ, бұл еңбекті ағылшындар аударып бітті. Құдай қаласа 1-2 айдың ішінде Лондонда ағылшын тілінде жарық көреді және де осы кітапты араб тіліне де аударылып жатыр. Біткен жоқ, Каирде ме Дамаскіде жарық көреді деген ойдамын.
«Исламның гуманитарлық әлеуеті» атты 2-тарауда асыл діннің Қазақстандағы орны мен ролі республикадағы дінаралық және ұлтаралық достықты сақтау тәжірибесі, жалпы азаматтық құндылықтар туралы айтылады. «Ислам толеранттылық өрісі» атты 3-тарауда бірқатар сұхбаттар негізінде исламның ізгілік пен төзімділік діні екені көрсетілген. Сондай-ақ, ғалым кітапта Қасиетті Құранның ғылыми жағына көп тоқталады. Ол ойын Құран аяттарына сүйене отырып нақтылайды. Автор Құран аяттары адамдардың білімдерімен ұштасып, ғылыми техникалық үдеріске дем беріп отыр деп пайымдайды.

Мұрат Әуезов, қоғам қайраткері:
Әбекең мына кітабында біріншіден керек болса мына біздің қазақ жерінде, қазақ топырағында туған 50-ден астам ірі тұлғаларды, ғалымдар, рух және дінге үлес қосқан азаматтардың есімдерін тауып, нағыз ғалым ретінде соны тереңнен зерттеп, соны біздің рухани мұрамызға айналдырып отыр.

Әшірбек Мүминов, Шығыстану институты директорының орынбасары:
-Өркениетті ислам орта жол ислам деген исламды саясаттан ластандыратын болашақта қандай ислам формасын ортаға шықырумыз керек дегенге хазірет мүфтидің кітабы жауап береді бұл қазақ ғұламаларының мұрасына сүйеніп олардың ілімін жалғастарын олардың тынышқытқа ынтамақтастыққа бірлікке шақыратын идеясын кең пайдалу қажеттігін көрсететін кітап.

«Ислам –Бейбітшілік пен жасампаздық діні» кітабы орыс тілінде жарық көрді. Таяуда оның ағылшын және араб тіліндегі нұсқасы басылып шықпақ. Кітап 600 беттен тұрады. Таралымы 3000 дана. Сарапшылар бұл кітап тек қазақ еліне ғана емес, жалпы ислам мәдениетінің дамуына зор үлес қосады деп баға беріп отыр.

muftyat.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу