Шолаққорған мешіті жөндеуден өтті

2011 мамыр  айында  Созак  ауданы  Шолаққорған  орталық  мешітінің  шатыры  жөнделді. Мешіт  жәмиғатының  көмегі  мен 18 мың  теңгеге электронасос  сатылып  алынып  ауласында  70  түп  жеміс  ағашы суландырылды, және  ауыз  су  мәселесі  қамтамасыз  етілді. Алайда  мешіттің  ішкі  намазқана және бөлмелеріне  жөндеу  жұмыстары қажет  болып  тұр. Күнделікті  бес  уақыт  азан  айтылып  намаз  өтіледі.
Жұма  намаздарына 170-200  шамасында жәмағат  қатысады. 2011 ж  24маусым  қасиетті  жұма  күнінен  бастап  мешітімізде  сауат ашу  сабағын  ұймдастыру  жоспарлануда.
Арабша  28  әріп  және  муғалими  сәни  сабағын  өту. Әр  жұмада  құтпалар  оқылып  жәмиғатқа  діни насиқаттар: Ата-ананы  құрметтеу, хадистегі  сақиқ  қисалар,  ғұсыл, тахарат  туралы,  иманшарт және  қырық  парыз  туралы  және  құран  тапсирі «тәфсири хиләл» ражаб айының  қасиеті  туралы  уағыздар  айтылуда.
Жаназа  шығару  және  мәитті  жөнелту  мәселесіне  тоқталсақ. Халық  арасына  сыналап  еніп  кеткен  түрлі  исламға  жат  салт  дастүрлер  жыртыс  беру,  дәуре  қою  сияқты ысырапшылық  азда  болса  тиылуда. Қабірстанға  зиарат  ету, жане  марқұмдарға құлпытас  қою,  діни  басқарманың  жерлеу  рәсімдері туралы  фәтуәсіна  сәйкес  жүргізілуде.
Ауданымызда  діни  ақуал  оң  өзгеріс  алуда.  Ауданымызда  иманды  азаматтар  және  иманды  жастар  көбейуде.Соның  айғағы  Шу елді мекенінде  жаңа  мешіт  ашылды. Ауыл  имадарының  діни  білімін  жетілдіру  қажет.Ауыл имамдарының  ақ  шапан  мәселесі  шешілді. Аллах  кәміл  иман  нәсіп  етсін  әмин.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу