Түлектерге диплом берілді

17 мамыр күні. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында және қасиетті жұма күні Дінбасымыздың қолдауымен негізі қаланған «Шымкент медресесінің» 2010-2011 оқу жылындағы бітіруші түлектерімізге диплом тапсыру шарасы өткізілді.

Айтулы шараға арнайы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет келді.

Хазретті Шымкент теміржолы вокзалынан бір топ зиялы қауым өкілдері  мен ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам Б.Мырзагелдиев   және медресе ұстаздары күтіп алды.

Осыдан кейін,  Шымкент қаласындағы «Мұса» тойханасында арнайы медресенің бітіруші түлектеріне арналған іс шараға қатысты.

Іс шара қасиетті Құран Кәрім оқудан басталды.

Алғашқы сөз мәртебелі Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазретке берілді. Хазрет сөз барасында имандылық, білім, ғылым мәселелері жөнінде кеңінін түсіндіріп өтті.

Хазрет өз сөзінде: «Ұстаз алдынан барлық сала мен кәсіп иелері ғұлама ғалым мен дана да, министр мен әкім де, сөз зергері жазушы мен ақын да, жезтаңдай әнші мен саусағынан күй төгілген күйші де, қылқалам шебері мен дүйім жұртты ерлігімен сүйсіндірген ғарышкер батыр да, жасампаз еңбек иелері, кәсіпкер мен фермерлер де, құрылысшылар мен мұнайшылар да өтіп, қара таниды, білім кәусарынан сусындап, өмір айдынында еркін жүзеді. Сондықтан әркім үшін де ұстаздың орны ерекше» және «Өз басым ұстаздар мен қажылар, жалпы зиялы қауымды жаңалықтың жаршылары, жақсылықтың жанашыры, ізгілік пен қайырымдылық  дәнін себуші деп білемін» — деді.

Дінбасы шара барысында еліміздегі 9 медресеге демеушілік жасап, қолдау білдіріп келе жатқан Түркиялық бауырларымызға өз алғысын жеткізді.  Сондай-ақ, сөз соңында медресесені үздік қызыл дипломмен бітірген 5 шәкіртке өз қолымен дипломдарын табыстады. Қалған шәкірттерге медресе директоры Б.Әліпбекұлы мен құрметті ұстардары  табыстады.

Медресені жалпы 62 шәкірт тамамдады. Олардың  арасында  8 шәкірт үздік қызыл дипломмен бітірді.  Оның ішінде 5-уі ер бала, 3-уі қыз бала үздік дипломмен қоса жаңа қызметкеде бұйрық арқылы тағайындалды.

Медресені үздік қызыл дипломмен бітіргендерді атап айтқанда, Алманов Сержан,  Аристанбеков Ербол,  Базарбаев Жолдас, Махамбетов Нурлибек, Омашев Лашын, ал, қыздар арасында, Әбдирасилқызы Хадиша, Зарипова Нигора, Айнур Мусабековалар  үсдік диплом иесі атанды.

Ер балалар ішінде 24 шәкірт еліміздің түкпір-түкітірне діни қызметке Діни басқарманың бұйырығын алып, қызметке жолдама алды. Оның арасында бас имам, найб имам, азаншы, ұстаз т,б қызметтерге тағайындалды.

Хазрет үздік оқыған шәкірттерге Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәлениеті универсиетіне оқуын жалғастыруға 4 шәкіртке жолдама берілді.

Келесі сөз көп жылдардан бері ұстаздық қызмет атқарып жүрген Түркиялық Мехмет Бұлбұлға белді. Ол кісі өзінің шынайы алғысын білдіріп, хазреттің салиқалы қызыметіне табыс тілеп, осындай елде ұстаздық қызмет атқаратына ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, ата-аналар тарапынан Діни басқарманың сындарлы һәм жүйелі қызметтеріне алғыстары мен ыстық лебіздерін білдірді. Хазрет ресми кездесуден соң шәкірттермен суретке түсті.

Ресми шара барасында әдетттегідей «Айғақ», «Асыл арна» телеарналарына  және  жергілікті  баспасөз құралдарына сұқбат беріп, Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен мен шәкірттердің диплом иесі атануымен құттықтады.

18 маусым күні хазрет Алматыға ұшақтпен оралды.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының

Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігінің

баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу