Шағбан айында ораза мен мүбәрәк түндер

Хазіреті Айша былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Шағбан айында ұстағандай Рамазаннан басқа ешқандай айда ораза ұстамайтын. Ол Шағбан айының бәрін ораз амен өткізетін». (Муслим, Салат, 176.).

Шағбан айының он бесінші түні. Бұл – «Бәраат түні». Бұл түні адамның бір жылдағы ризық, бай немесе кедей, жоғары немесе төмен болатыны-
нан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі жайлы хабарларды Аллаһтың әмірімен періштелердің дайындайтындығы білдірілген (Білмен, б.197.).

Бұл түн – кешірім түні деп те аталады. Өйткені, осы түнде Аллаһ көп адамның күнәсін кешірмек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Бәраат түнін ғибадат етіп өткізген. Хазіреті Айша былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір түні орнынан тұрып намаз оқыды. Сәждеде көп тұрғаны сонша мен оның демі үзіліп кетпеді ме деп ойладым. Орнымнан тұрып, қолымды аяғына тигізіп едім, қимылдады. Мен қайта орныма бардым. Сәждеде былайша жалбарынғанын естідім: «Аллаһым, азабыңнан кешіріміңе, ашуыңнан ризалығыңа сиынып, Өзіңнен өзіңді қорған етемін. Сен ұлысың. Саған арнаған мадағымды, Сенің өзіңе жасаған мадағыңмен тең тұта алмаймын. Саған лайық мадақтауға күшім жетпейді».

Намазды бітіргенде:
– Айша, Аллаһ Тағаланың Елшісі саған әділетсіздік жасайды деп ойладың ба? – деді. Мен:
– Жоқ, уаллаһи, Пайғамбарым. Ондай ойым жоқ. Бірақ сәждеде ұзақ уақыт тұрып қалғаныңды байқап, өлді ме деп ойладым.
– Бүгін қандай түн екенін білесің бе?
– Аллаһ және оның Елшісі жақсы біледі. Сонда ол:
– Бұл түн – шағбанның он бесінші түні. Аллаһ Тағала шағбанның он бесінші түні құлдарына рақымын төгіп, кешірім тілегендерді кешіріп, «рақым ет!» деп жалбарынғандарға рақым етеді. Тұла бойы қастыққа тұнғандарды өз еркіне қалдырады», – деді» (Әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб.).

Бәраат түнінің ерекшелігінің бірі – сол күні құбыланың Қудус мешітінен, Қағбаға қарай өзгеруі. Бұл түні «жақсылық намазы» оқылады.

фото: http://www.lenta.ru

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , ,
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    ораза устап журген адамнын несеби дейди гой сол шыгып кетсе ораза бузылады ма?


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Шагбан айында ауыз бекіту мен ауыз ашардын уақыты бар ма?

Пікір жазу