Тахауи ақидасы — Пікір

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша үгіт насихат тобы жанындағы ғылыми кеңесі тексеріп, мақұлдаған

ББК 86.38, «Тахауи ақидасы». Араб тілінен аударған Азамат Жамашев. Шымкент-2011 ж. 48-бет.

ISBN 9965-903-05-0 «Алтын алқа» баспасы.

Пікір

Біздерді иманның нұры мен шаттығына бөлеген Ұлы Аллаһ Тағалаға мадақ пен мақтаулар болсын! Сонымен қатар теңдессіз, ұлағатты тұлғасымен барша адамзатқа бақыт жолында тура жолды үйреткен Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шексіз салауат пен сәлем болсын.

Сынақ үшін келген адам баласы бұл фәни дүниеден мәңгілік әлемге аяқ басады. Бірақ, ол әлемнің екі қақпасы бар: біреуі қасіретке екіншісі бақытқа апарады. Құлдың қайсы қақпадан кіретіндігін оның бүкіл өмірін қорытындылайтын соңғы демі белгілейді. Сондықтан да сол сәтте бақытқа ашылған есіктен мәңгілік әлеміне самғау үшін өміріміздің әрбір сәті соңғы демді ойлаумен өтуі керек. Осыған орай адамның соңғы демі келместен бұрын өмірдің негізі болған сенім қағидаларын дұрыстап үйрену қажет. Бұзық сенімдерден ұзақ болып, Құран және Сүннетте көрсетілгендей білуге ұмтылу керек. Тарихта қаншама ақидасы бұзық топтар өткен. Бұл топтар көптеген бұрыс сенімдерді халық арасына жайып, өрбітуге бар күшін жұмсаған. Адамдар арасында бүліктер шығып бұрыс сенімдер кең етек жая бастағанда Әһли Сүннет уәл Жамағат ғалымдары халықты дұрыс сенімге жөнелтіп өз күштерін осы жолда сарп еткен. Өмірлерін білім жолында өткізген ғалымдар сенімге байланысты көптеген туындыларды жарыққа шығарған. Солардың бірі сіздерге ұсынылып отырған кітапша Имам Тахауидың күні бүгінге дейін жетіп, Ислам әлеміне кеңінен танымал болған «әл-Ақидату әт-Тахауийя» атты еңбегі. Аталмыш кітапша Ислам дінінің негізгі өзегін қамтитын қағидалардан тұрады. Кітаптың ерекшелігі – адамдардың түсінуіне қиындық туғызбайтын қарапайым тілмен жеткізілуінде. Сондай-ақ, арапша мәтіндер қазақша аудармасымен жазылып, арапша сауаты бар кісілерге  жаттау мүмкіншілігін береді. Ислам ғұламалары ілім саяхатына шығар алдын Ислам негіздерін қамтитын мәтіндерді жаттайтын болған. Жастайынан осындай әдетке үйренгендер үлкейгенде абыройлы ғалымдар қатарынан табылып отырған. Сол себепті қазір бізде өткен ғалымдарымыздың жолын ұстана отырып жаттау әдісіне аса көңіл беруіміз қажет. Әрине жаттау делінгенде мәтіннің мағынасын түсінбей соқыр жаттауды емес, түсініп амал ету арқылы жадымызға сақтауымызды мақсат етіп отырмын. Міне, осындай мұқтаждыққа және де дұрыс сенімді үйренуге жарық көргелі отырған осы туынды жауап бере алады деп айтуға болады. Бұған қоса қалай сенуім керек деп жүрген жалпы халыққа да қазақшасын оқып, түсініп және жаттап алуларына да болады.

Шынтуайтында қазіргі таңдағы мұсылмандар өз сенімдерінде берік қалулары үшін сенім негіздерін жақсылап ұғып алулары жөн болар. Мұсылмандар өз ізденістерін дамытып өрбітпейінше шариғи міндеттерін дұрыс орындауға қол жеткізе алмайды. Олай болса, Аллаһ Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Әрбір мұсылманға ілім іздеу парыз» деп айтқанындай халық білім жолына ұмтылып, өздерінің шынайы дінін үйренулері қажет. Аллаһ Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жанынан орын алған сахабалардың өміріне көз жүгіртсек қаншама өмірдің  ауыртпалығына қарамастан Исламды үйренгендерін көруге болады. Неге сахабалар қиналып жүріп Пайғамбарымыздан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) білім үйренуге ынтық болған? Өйткені, адам ілімді дұрыстап үйренбейінше көп қателікке тап болатындығын жақсы білген. Сондықтан біз уақытымызды босқа жұмсамай білім алуға ұмтылып, үйренгендерімізбен амал етіп, Аллаһтың жақсы көретін құлдарынан болуға тырысуымыз қажет. Мұсылманның амалы әлсіз болса ахиретінің жемісі де аз болмақ. Демек, Аллаһ Тағаланың Азық жинаңдар деп бұйырғанындай ахиреттік қамымызды қазірден бастап ойлану өте маңызды істерден болып табылады. Дегенмен, бұл нәрселерді ақылы барлар ғана орындайды, ал ақылсыздар осы өмірді сүрсем жетеді дей отырып мәңгілік өмірден құр қалады.

Ұлы Аллаһ Тағала мәңгілік бақытқа бастар көсеміміз Өз Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өнеге тұлғасынан лайықты түрде үлес алып, екі дүниемізді Оның көрсетіп кеткен дара жолымен жүруімізді нәсіп етсін.

Аллаһ Тағаладан осы кітапшаны халқымызға пайдалы етуін тілейміз. Бүкіл нәрсе Аллаһтың қалауымен болады.

Б. Ә. Мырзагелдиев

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы,

Шымкент медресесінің директоры

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    ассаламу алейкум.
    Ciздерiн сайттарыныздан кiтаптардi калай басып аламыз. Алынбайды .Аллаh разы болсын

Пікір жазу