«Кентау қалалық орталық мешіт

«Кентау қалалық орталық мешіт» Кентау қаласының орталығында орналасқан. Мешіт 2006 жылдың 21 сәуірінде ашылған. Мешіттің салынуына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрбах Рүстемов үлкен көмегін тигізген. Мешітке көк түсті екі үлкен мұнара мен бір күмбезі орнатылған. Мұнарасының ұзындығы 18 метр, күмбезінің биіктігі 16 метр. Мешіт екі қабатты, биіктігі 18, ені 24, ұзындығы 26 метр. Намазға келген жамағат екі қабатта да бір мезгілде ғибадат ете алады. Сондай-ақ имам бөлмесі, неке қиятын бөлме, молдалар бөлмесі, әйелдерге арналған және дәріс өткізетін, жолаушылар күтетін бөлмелері де бар. Мешіт 1500 адамға арналған.

Мешіт михрабы Қ.А.Иасауи кесенесінің үлгісінде жасалынған. Айналасы көркем оюлы қасиетті Құран аяттарымен безендірілген. Шығыс үлгісінде жасалған алты бағана – ұстындар тұрғызылған. Еденге жасыл ковролан төселінген. Екінші қабатта үлкен залды айнала балкон және екі бөлме наиб-имам мен жастар бөлмесі орналасқан. Мешіттің ішінде әрқайсысында 120 шамы бар 3 аспалы люстра ілінген. Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет қатысқан. Мешіт демеушілердің көмегімен алынған бүгінгі заман талабына сай келетін офистік үстелі жиһаздармен, соңғы үлгідегі компьютер, факс, принтер және кітап сүрелерімен жабдықталған. Мешіттің жылу жүйесі электр қуатымен, кондиционермен жылытылады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , ,

Пікір жазу