«Қарнақ мешіті»

«Қарнақ мешіті» Қарнақ мешіті ОҚО Кентау қаласы Қарнақ елді мекенінің орталығында орналасқан. Мешіт 1890-жылы салынған. Салдыруға ұйытқы болған Байжан қожа есімді ақсақал. 1990жылы Қарнақ ауыл жамағаты асар жолымен мешітті қайта жөндеуден өткізген. Жер көлемі 32.0х52.0х49.5 метр. Мешіт қабырғасы күйдірілген кірпішпен салынған, шатыры қаңылтыр, алды бастырма, бес бөлмелі, жалпы ұзындығы 30метр ені 12метр. Кіреберіс және оң жақтағы үлкен намаз оқитын бөлмелері 12х12м, екі бөлменің ортасында 4 үстіні бар. Екі бөлмеде 400 адам намаз оқи алады. Меихрабына әшекейлеп сүре аяттары жазылған. Сол жағында қыста бес уақытқа арналған намаз оқитын және діни сауат ашуға арналған сынып ашылған. Кіші бір бөлмеде жылу жүйесіне арналған пеші орнатылған.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , ,

Пікір жазу