Жақсылықтардың бастауы – шағбан айы

Қасиетті айлардың бірі – Шағбан. Биылғы жылы шағбан айы шілденің 2-інде басталды.

Шағбан айы келгенде Әһлуш Шам яғни Шам елінің ғұламалары қала берді қарапайым тұрғындары шағбан айында құлшылық жасауға қатты мән берген. Сол құлшылықтарымен Рамазанға кіріп кетуді дәстүрге айналдырған.

Шам елінің тұрғындары секілді қасиетті шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні зор. Атап айтқанда бойымызды түрлі жаманшылықтан тазартып, ниет-ықыласымызды  дұрыстап,  мейлінше пәк жүрекпен  қадам  басу.  Қызғаныш, көреалмау, жеккөру, ашу-ызадан жүрегімізді тазалап, ғайбат, өсек, өтірік, мақтаншықтық, сөз тасу, жамандау, кемсіту,  көпшіліктің алдында біреудің айыбын көзге басып ұялту секілді жағымсыз істерден тілімізді қорғау.

Бұған байланысты пайғамбарымыздың мынадай хадисі бар:

إِذَا دَخَلَ شَعْبَانُ فَطَهِّرُوا أَنْفُسَكُمْ , وَأَحْسِنُوا نِيَّتَكُمْ فِبهِ 

 «Шағбан айы кіргенде, өздеріңді жаман іс әркеттердан тазалаңдар және ниеттеріңді дұрыстаңдар», — деген (Мукашәфәтул-қулуб, әл-Ғазали, 291-бет).

Бұл айда ораза ұстауда маңыздылығы жайлы хадистерге тоқталар болсақ:

وَمَا رَأيْتُهُ فِي شَهْرٍ أَكْثَرَ مِنْهُ صِيَاماً مِنْ شَعْبَانَ 

«Шағбан айындағыдай көп ораза ұстағандығын көрмедім» (Мүслім, Сиям, 176);

 كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم يَصُومُ حَتىَّ نَقُولَ لاَ يُفْطِرُ ، وَيُفْطِرُ حَتَّى نَقُولَ لاَ يَصُومُ ، فَمَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم اسْتَكْمَلَ صِيَامَ شَهْرٍ إِلاَّ رَمَضَانَ ، وَمَا رَأَيْتُهُ أَكْثَرَ صِيَاماً مِنْهُ فِي شَعْبَانَ

«Алланың елшісі кейбір айлардың көбінде ораза ұстайтын. Тіпті, оны бұл айда мүлдем ауыз ашпады деп те ойлайтынбыз. Кейбір айлардың көбінде ауыз ашатын. Тіпті, біз оны бұл айда ешбір ораза ұстамады дейтін едік. Алла елшісінің рамазан айынан басқа айда толық ораза ұстағанын, сондай-ақ, шағбан айындағыдай көбін оразамен өткізгенін көрмедім» (Бухари, Саум , 51);

 من صام ثلاثة ايام من أول شعبان و ثلاثة من أوسطه و ثلاثة من آخره كتب الله له ثواب سبعين نبيا.

«Кімде кім шағбан айының басында үш күн, ортасында үш күн және соңында үш күн ораза тұтса Алла тағала оған осы тұтқан оразасы үшін 70 пайғамбардың сауабын береді». (Зубдатул Уағизин. Дурратун насихин фил уағзи уал иршад кітабы, 278 бет)

Пайғамбарымыз с.а.с. тағы былай дейтін: «Шама-шарқыңызға қарай амал жасаңыз. Өйткені сіз жалықпайынша Алла да сізге жалығатын амалды жүктемейді. Алланың құзырында қабыл болатын амал — аз да болса игі істің тұрақты жалғасып тұрғаны» дейді (Муслим, саум, 177).

Басқа бір хадисінде:

من عظم شعبان واتقى الله تعالى و عمل بطاعته و أمسك نفسه عن المعصية غفر الله تعالى ذنوبه، وآمنه من كل ما يكون قي تلك السنة من الأمرلض كلها.

Кімде кім шағбан айын құрмет тұтып, ол айда тақуалықпен Аллаға құлшылық етіп, жаман іс әрекеттер мен күналардан боыйн аулақ ұстаса Алла тағала күналарын кешіріп, сол жылғы болатын түрлі ауру-сырқаттан аман сақтайды. (Зубдатул Уағизин. Дурратун насихин фил уағзи уал иршад кітабы, 278 бет)

 

Сондай-ақ, бұл айдың ерекшелігінің бірі — Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп салауат айту. Бұл жөнінде хадисте былай келген:

 رَجَبُ شَهْرُاللهِ شَعْبَانُ شَهْرِي رَمَضَانُ شَهْرُ أُمَّتِي

«Ережеп — Алланың айы, шағбан — менің айым, рамазан — үмметімнің айы» деп, ережеп айында кәлиманы, шағбанда салауатты, рамазанда құранды көп оқу керектігі жөнінде ескерткен еді.

Қасиетті шағбан айының 15-і (Ол биыл шілденің 15-16 сына қараған түн) — Бәраат түні.

من أحيى ليلة النصف من شعبان لم يموت قلبه حين تموت القلوب.

Кімде кім Шағбан айының ортасындағы түнді яғни Барат түнін құлшылықпен өткізсе, қаншама жүректер өлседе оның жүрегі өлмейді. (Зубдатул Уағизин. Дурратун насихин фил уағзи уал иршад кітабы, 278 бет)

Ато ибн Яасардан келген хадисте Пайғамбарымыз с.а.с. былай дейді:

ما من ليلة بعد ليلة القدر لأفضل من ليلة نصف شعبان.

Рамазан айындағы Қадір түніннен кейін, Шағбан айындағы 15 түннен яғни Бараат түнінен артық түн жоқ.. (Зубдатул Уағизин. Дурратун насихин фил уағзи уал иршад кітабы, 278 бет)

Бұдан басқа Бұхариде Мүслимде көптеген хадистерді клтірсек болады.

Бараат түнінде құлшылыққа мән берген ғұламалар жайлы айтар болсақ. Шам еліндегі табиғиндерден болған ғалымдар Бұл түнге аса зор мән беретін болған. Олардың ішінде Халид бин Миғдан, Макхул, Луқман бин Ъамр және басқалар. Бұл кісілер шағебан айындағы 15 түнде құлшылық ғибадаттарын көбейтіп, күндіз ораза тұтатын болған. Сонымен бірге нәплі анмаз оқу, құран оқып-тіләуәт ету, көптеген дұға дасау, Алла тағаланы зікір ету т.б.[1]

Қорыта айтқанда, берекеге толы шағбан айын бекерге өткізіп алмай, күндіз ораза ұстап, түнді ғибадатпен өткізіп, намаз оқыған абзал. Бұған қоса, сүйікті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сансыз салауат арнаған жөн. Соңғы сөзімізде пайғамбарымыздың мына хадисін келте кетейік:

«Алла тағала бұл айда пенделерінің жасаған құлышлықтарын ескеріп дәрежелерін көтереді. Осылай дей келе: Білесіңдерме бұл айдың не себепті Шағбан деп аталғандығын? Сахабалар: Алла тағала және Оның елшісі білушірақ, деп жауап береді. Сол кезде пайғамбырымыз с.а.с.: себебі бұл айда жақсы амалдар өте көп болады, деп жауап берді. (Раудатул ғулама. Дурратун насихин фил уағзи уал иршад кітабы, 278 бет)

Араб тілінде халық деген сөз «шағб» деп айтылады. Шағб сөзі сол көбейетін, ұрпақ тарататын адамдарға айтылған. Шағбан сөзіде сол шағб сөзінен шығады, яғни берекесі, жақсылығы, сауабы мол, көптеген жақсылықтардың бастауы деген мағыналар береді. Бұл айда жасалған құлшылық адам баласының ұрпағы секілді көбейе береді екен.

Алла тағала құлшылық, ғибадаттарымыз қабыл етіп, көптеген сауабынан жазғай. Әмин.

 

Б.Мырзагелдиев. ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы.


[1] (Зубдатул Уағизин. Дурратун насихин фил уағзи уал иршад кітабы, 278 бет)

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Алла ниетімізді қабыл етсін! рахмет жауаптарыңызға!

Пікір жазу